ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қызылорда ашық университетінде қаржылық сауаттылық, қаржылық қауіпсіздік, лудомания, рекрутинг бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесуге Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Майра Тұрлыбекқызы мен департаменттің Әкімшілік басқармасының бас маманы Айнұр Қырғызбекқызы қатысты.

Сала мамандары еліміздің болашағы жастарға тікелей байланысты екенін айтып, білім алуға, кітап оқуға, зиянды әдеттерден бас тартуға, спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Аталған жиынға студенттер белсенді қатысып, қонақтармен еркін форматта пікір алмасты.