«Кітап – сарқылмас рухани азық»
29 қараша, 2024 жылы Қызылорда ашық университеті кітапханасының оқу залында «Кітап – сарқылмас рухани азық» тақырыбында әдеби сағат өткізілді. Әдеби сағатқа университет ПМНО-24-1, ПП-24-1, БД-24-1 оқу топтарының білім алушылары қатысты. Іс-шараны кітапханашы Орынбасар А. жүргізе отырып, білім алушыларға көркем шығармаларды оқу- оқырманның рухани дүниесін байытатыны, эстетикалық талғам мен адамгершілік қасиетін қалыптастыратынын, ой ұшқырлығын дамытатынын атап өтті. Білім алушылар назарына Қазақстан ақын-жазушылары Б.Момышұлының Ұшқан ұя», О. Бөкейдің «Кербұғы», З.Шүкіровтың «Қасиетті сезім», Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» , сонымен қатар әлем балалар әдебиетінің інжу-маржандары саналатын Д.Гринвудтың «Өгей бала» шығармалары таныстырылып, аталған шығармаларға талдау жасалды.
Осы шығармалар бойынша ПМНО-24-1 оқу тобының білім алушылары Д.Нұрай, Қ.Әуесхан т.б қатысушылар оқыған шығармалары жөнінде өз пікірлерін ортаға салды.
Әдеби сағаттың мақсаты- қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасын насихаттау, кітапханаға қызығушылығын ынталандыру, оқырмандарды тарту, мәдени құндылықтарды қалыптастыру арқылы әдеби шығармаларды таныстыру.