БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ -ОЙЫН ӨТТІ
Қызылорда ашық университетінде «Педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен жатақханадағы білім алушыларға арналған «PlayHub қызметі шеңберіндегі тиімді серіктестіктің заманауи әдіс-тәсілдері» атты тренинг-ойыны өтті.
Тренинг-ойынында «Паровоз шарлар», «Шиеленіскен орамалдар», «Көңілді стакандар», «Таяқшалар» және «Менің екінші үйім» атты шығармашылық тапсырма берілді.
Соңғы тапсырма бойынша «Жатақхана менің екінші үйім» тақырыбында топтардың эмблемасын жасап шығарып, қысқаша жасаған тапсырмаларды түсіндірді.
«PlayHub қызметі шеңберіндегі тиімді серіктестіктің заманауи әдіс-тәсілдері» атты тренинг-ойынынан әрбір білім алушының алған әсерлерімен кері байланыс жасалды.
Тренинг-ойын барысында Елубаева Жайна Елубайқызы, Жармаханова Арайлым Дастанқызы, Шынжырбай Роза Айбергенқызы, Уразалиева Рыскүл Мұратбекқызы, Ғани Айзат Мұратбекқызы және Алдаберген Нұрқанат Нұрлыбекұлы тренерлік жасады.
Жиын соңында университеттің қолдауымен кешкі дастархан ұйымдастырылды.