Қызылорда ашық университетінде 1-курс білім алушыларының арасында «Желтоқсан - Тәуелсіздік бастауы» атты танымдық сайыс өтті.
Байқау 4 кезеңді қамтыды. Сайыскерлер білім деңгейлері мен ойлау қабілеттерін сынап, сөйлеу мәдениеті мен ақыл-ой ұшқырлығын көрсетті.
Танымдық сайыс Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, адал қызмет ететін білімді де жан-жақты дамыған, интеллекті жоғары, шынайы патриоттар тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.
Байқау нәтижесі бойынша Бас жүлде жүзден жүйрік атанған - «Әділетті Қазақстан» тобына берілсе, І орыннан «Тәуелсіздік» тобы көрінді. Жүлделі ІІ орынмен «Жас ұрпақ» тобы марапатталды. Ал «Егемен ел» тобы ІІІ орынды иеленді.
Жеңімпаздарға жүлделі дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды. Айта кетейік , іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне «Педагогика» кафедрасы және тарих пәнінің аға оқытушысы Нұргүл Молдабайқызы атсалысты.