|
Омирбеков Руслан Усенович
Бөлім басшысының м.а.
|
|
Миссиясы:
Ақпараттық технологиялар бөлімі университеттің цифрлық инфрақұрылымын дамыту және заманауи технологияларды енгізу арқылы білім беру мен басқару процестерінің тиімділігін арттыруды көздейді. Бөлім білім беру және әкімшілік қызметтерін цифрландыру арқылы сапаны арттыруға ұмтылады.
Міндеттері:
- Университеттің ақпараттық жүйелерін дамыту, жаңғырту және тиімді қолданылуын қамтамасыз ету.
2. Оқу үдерісі мен басқару процестерін цифрландыруды жетілдіру. 3. Қауіпсіз және сенімді IT инфрақұрылымын құру және қолдау. 4. Студенттер мен қызметкерлерге арналған IT қызметтерін жылдам әрі сапалы көрсету. 5. Киберқауіпсіздік талаптарын сақтау және университет деректерін қорғау. 6. Университеттің интернет ресурстарын, соның ішінде сайттар мен онлайн платформаларды басқару және дамыту. 7. Жаңа технологияларды енгізу арқылы оқу материалдарын жаңғырту және қолжетімділігін қамтамасыз ету.
|