БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ
КОНКУРС! 10 маусым 2026 ж.
Қызылорда ашық университеті ағымдағы 2026-2027 оқу жылына бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды
Қызылорда ашық университеті ағымдағы 2026-2027 оқу жылының бос лауазымдарына конкурс жариялайды:
- «Инженерные технологии» кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;
- «Экономика және басқару» кафедрасының меңгерушісі - 1 бірлік;
- 3. «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;
- «Құқық және қызмет көрсету» кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы, кафедра бейіні бойынша мамандар даярлау бағытына сәйкес келетін ЖОО кейінгі білімі және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіндік доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіндік доктор академиялық дәрежесі, немесе философия докторы (PhD), бейіндік доктор дәрежесі болуы; білім беру ұйымдарында немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
Конкурсқа қатысуға үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:
Университетте жұмыс істейтін және конкурсқа қатысуға үміткер түлға:
- Конкурса қатысу туралы өтініш;
- 5-7 слайдтан аспайтын таныстыру түрінде кафедраның дамыту стратегиясы.
- Университеттің белгіленген тәртібінде куәландырылған жарияланған және оған теңестірілген ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың тізімі.
Конкурсқа алғаш рет қатысатын тұлғалар өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:
1.Университет ректоры атына конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2.жеке куәлігінің көшірмесі;
3.кандидаттың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың (білім туралы құжаттардың) көшірмелері;
4.соңғы 5 жыл ішінде қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса); (бұл тармақ практик-оқытушыларға немесе өндірісте еңбек өтілі бар адамдарға қатысты қолданылмайды);
5.ұйымның кадр қызметінің қолымен немесе ғылыми мақалаларды жариялау бедерімен расталған соңғы 5 жылдағы ғылыми еңбектерінің тізімі (бұл тармақ практик-оқытушыларға немесе өндірісте еңбек өтілі бар адамдарға қолданылмайды);
- еңбек кітапшасының көшірмесі немесе ғылыми-педагогикалық жұмыс немесе практикалық қызмет өтілін растайтын өзге де құжаттар /немесе түйіндеме, қызметтік тізімі.
- 5-7 слайдтан аспайтын таныстыру түрінде кафедраның дамыту стратегиясы.
Конкурсқа қатысушылар өзінің білімі, еңбек өтілі, кәсіби дайындық деңгейіне қатысты қосымша ақпараттарды ұсына алады.
Сіз "Қызылорда ашық университеті» білім беру мекемесінің педагогтердің (ПОҚ құрамына) лауазымдарына конкурстық орналасу ережелерімен» және «"Қызылорда ашық университеті» білім беру мекемесінің педагогтарының (ПОҚ қурамы) лауазымдықбіліктілік сипаттамалары ережелерімен» Университет сайтында https:ouk.edu.kz ("Бос орындар" бөлімінде) таныса аласыз.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
Конкурстық құжаттарды сканерленген нұсқада электрондық поштаға Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., ұсынуға болады, сондай-ақ құжаттар Кызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі 72, «Қызылорда ашық университеті», Әкімшілік және кадрлық жұмыстар басқармасы (207 кабинет) мекенжайы бойынша жұмыс күндері сағат 9.00- ден 18.00-ге дейін қолма-қол қабылданады, телефондары: +7 701 724 69 95.
Конкурсты өткізу күні, орны және форматы қосымша хабарланатын болады.