Құрметті әріптестер мен студенттер!
Сіздерді Республика күніне орай ұйымдастырылатын «Ел еркіндігі – ұрпақтың теңдігі!» атты салтанатты жиынға шақырамыз!
Мерекелік жиын елдік рухты асқақтатып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, Отанға деген сүйіспеншілік пен ел бірлігін нығайтуға арналады. Кеш бағдарламасында мерекелік пролог, арнау, патриоттық әндер мен ұлттық рухты ұлықтайтын күйлер, сондай-ақ көрерменге ерекше әсер сыйлайтын өнер туындылары ұсынылады.
Бұл тағылымды басқосу – азаттықтың қадірін ұғынып, тәуелсіз елдің жетістіктерін дәріптеуге, ортақ құндылықтар төңірегінде бірлігімізді бекемдеуге мүмкіндік беретін ерекше мерекелік кездесу.
Өтетін күні: 22 қазан
Уақыты: 16:00
Өтетін орны: К. Ажарова көшесі 34А, АКТ залы
Баршаңызды елдігімізді айшықтап, ұлттық рухымызды асқақтататын мерекелік жиынға қатысуға шақырамыз!