«ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ – 2026» КОНКУРСЫ

«ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ – 2026» КОНКУРСЫ 

Құрметті әріптестер!

 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті 2026 жылға арналған «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) өткізетінін хабарлайды.

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы №124 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының штаттық оқытушылары қатыса алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

- I кезең: 2026 жылғы 5–18 қараша аралығы;

- Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі: 18 қараша, сағат 18:00-ге дейін;

- Апелляция беру мерзімі: 19–20 қараша;

- II кезең: 2026 жылғы 1–12 желтоқсан аралығы.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер төмендегі құжаттарды электрондық жүйе арқылы тапсыруы қажет:

  1. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім (Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес);
  2. Сапалық және сандық көрсеткіштер бойынша мәліметтер (Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес). Нақты мерзімі белгіленген көрсеткіштерді қоспағанда, соңғы бес жылдағы (2022–2026 жж.) мәліметтер ұсынылады;
  3. 2026–2027 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары-кестесі (Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес);
  4. Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
  5. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Конкурсқа қатысуға арналған құжаттар электрондық форматта арнайы ақпараттық жүйе арқылы қабылданады (сілтеме: https://universitycontest2026.kz )

Барлық үміткерлерді конкурсқа белсенді қатысуға шақырамыз

ЕРЕЖЕ