
Shax
Оқу процесін тіркеуші офисі
Миссиясы:
Оқу процесін тіркеуші офисі білім алушылардың академиялық үлгерімін басқару және бақылау арқылы оқу сапасын арттыруға, заманауи технологияларды қолдана отырып, университеттің академиялық процестерінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Міндеттері:
Байланыс: |
- Published in Университет
- Be the first to comment!
Студенттік бөлім

Студенттік бөлімнің басшысы
Миссиясы:
Студенттік бөлім студенттерге әкімшілік қызмет көрсету арқылы олардың академиялық және әлеуметтік өмірін жеңілдетуді мақсат етеді. Бөлім құжаттарды рәсімдеуде, мәліметтерді сақтауда және студенттерге қажетті ақпарат пен қолдау көрсетуде маңызды рөл атқарады.
Міндеттері:
- Бірінші курсқа қабылданған студенттердің құжаттарын қабылдау және рәсімдеу.
- Студенттер туралы мәліметтерді деректер базасына енгізу және жаңарту.
- Университет студенттерінің жеке іс-қағаздарын сақтау және уақытында жаңарту.
- Академиялық анықтамалар беру және олардың есебін жүргізу.
- Студенттердің қозғалысы туралы бұйрықтардың көшірмелерін беру.
- Диплом бланкілерін сұрату және оларды рәсімдеу.
- Оқу жұмыстарына байланысты басқа ЖОО-лармен және мекемелермен хат алмасуды ұйымдастыру.
- Бітіруші студенттердің еңбек кітапшаларын толтыру.
- Студенттерге құжаттарды рәсімдеу, академиялық анықтамалар және басқа мәселелер бойынша кеңес беру.
- Published in Университет
- Be the first to comment!
Оқу-әдістемелік бөлім
Оқу-әдістемелік бөлім оқу орнының негізгі құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім ҚР МЖБС және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің нормативтік құжаттарына және ректор бекіткен ішкі құжаттарға сәйкес кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырады және олардың орындалуына бақылау жүргізеді.
Оқу-әдістемелік бөлімнің негізгі функциялары:
- білім беру бағдарламаларының жұмыстық оқу жоспарларын жасау;
- аралық және қорытынды бақылау кестесін жасау;
- академиялық күнтізбе жасау және оның орындалуына бақылау жүргізу;
- білім алушылардың біліміне аралық бақылау түрлерін ұйымдастыру болып табылады.
Бөлім оқу орнының барлық құрылымдық бөлімшелерінде ішкі аудит ұйымдастырып, өткізеді, оқу сабақтарын өткізуді, кафедралардың жұмысын ұйымдастырады; тексерулер барысында анықталған кемшіліктерді жою жұмыстарын бақылайды, ҚР «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің нормативтік құжаттары мен ректордың бұйрықтары негізінде оқу процесін ұйымдастыруға жалпы басшылық жүргізеді, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің талаптарына сәйкес қорытынды аттестаттауға бақылау жүргізеді.
Байланыс телефоны: 8(7242) 30-46-40.
- Published in Университет
- Be the first to comment!
Академиялық мәселелер жөніндегі проректор
Әлібекова Айгүл Бекқожақызы
Экономика ғылымдарының кандидаты
Байланыс телефоны:
факс: +7(7242)-24-60-47
e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
- Published in Университет
- Be the first to comment!
Ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор
Шынбергенов Ерлан Алимжанович
PhD доктор
Байланыс телефоны:
факс:8 (7242) 24-60-47
- Published in Университет
- Be the first to comment!
Бірінші проректор
Еримбетов Коктем Акарысович
Философия докторы PhD
Байланыс телефоны:
телефон: 8-701-180-61-98
- Published in Университет
- Be the first to comment!
Ректор
Бисенов Кылышбай Алдабергенович
т.ғ.д., профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі
Қызылорда ашық университетінің ректоры
тел: 8 (7242) 24 60 47, 8 701 724 70 01
e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
- Published in Университет
- Be the first to comment!
Ғылыми кеңес
Қызылорда ашық университетінің Ғылыми кеңесі университет қызметінің ең маңызды мәселелерін алқалық қарау мақсатында құрылған сайламалы өкілетті орган болып табылады.
Ғылыми кеңестің құрамына проректорлар, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, белгілі ғалымдар, студент-жастардың, қызметкерлер мен студенттердің кәсіподақ комитетінің өкілдері кіреді.
Өз қызметінде Ғылыми кеңес ҚР «Білім туралы» заңын, ЖОО қызметін ұйымдастырудың үлгі қағидаттарын, ЖОО Ғылыми кеңесі қызметінің үлгі қағидаттарын, Қызылорда ашық университетінің Жарғысын басшылыққа алады.
Ғылыми кеңестің негізгі міндеттері:
- сапалы кәсіби дайындықты қамтамасыз етуге және мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған университет ұжымының әлеуетін біріктіру;
- университеттің материалдық-техникалық базасын нығайту және қаржылық қолдауды қамтамасыз ету;
- ғылыми зерттеулерді дамыту, университеттің одан әрі дамуына ықпал ету болып табылады.
Ғылыми кеңестің жұмысы оның құзыретіне кіретін мәселелерді ұжымдық талқылаудың жариялылығына негізделеді.
Ғылыми кеңестің өкілеттігіне университеттің құрылымын бекіту, стратегиялық даму жоспарын бекіту, даму тұжырымдамасын айқындау, жоғары кәсіби білімнің көп деңгейлі жүйесінде мамандар даярлаудың жаңа бағыттарын айқындау кіреді. Жыл сайын ғылыми кеңестің мәжілістерінде атқарылған жұмыстар туралы ректордың есебі, оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеушілік, тәрбие жұмыстарын жүргізу түрлері мен әдістері туралы проректорлардың, құрылымдық бөлімшелердің басшыларының есептері тыңдалады.
Сонымен бірге, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, университеттің ақпараттық және қаржы-шаруашылық жұмыстары, оқытушылар мен студенттерге әлеуметтік көмек көрсету мәселелері Ғылыми кеңестің назарында болады. Ғылыми кеңестің мәжілістерінде ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары, Қазақстан Республикасының білім және ғылымын дамытудың «Сапалы білім «Білімді ұлт» ұлттық жобасы, ҚР Үкіметінің шешімдері мен қаулыларының орындалу барысы қаралады.
- Published in Университет
- Be the first to comment!
Сапа саласындағы академиялық саясат
Өмірдегі жетістіктерге - білім арқылы!
Сапа саласындағы академиялық саясаттың негізгі мақсаты білім беру бағдарламаларын жетілдіру, Болон процесінің қағидаларын іске асыру, сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету, халықаралық, республикалық және аймақтық еңбек нарығының жоғары білікті мамандарға және бәсекеге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларға сұранысын қанағаттандыратын Университет қалыптастыру болып табылады .
Осы мақсаттарға жету үшін университет өзінің алдына келесі міндеттерді қояды:
- еңбек нарығының сұраныстарын қанағаттандыру үшін сапалы білім беру қызметін ұсыну;
- білім, ғылым және өндірістің интеграциясын арттыру;
- студент жастарды жан-жақты дамытуға бағытталған жағдайларды жақсарту, оларды өңір мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму процесіне тарту;
- оқу, ғылыми және өндірістік инфрақұрылымды жетілдіру;
- кадрлық саясатты жетілдіру және персоналдың белсенді кәсіби өсуін көтермелеп отыру;
- университеттің республикалық және халықаралық рейтингтерге қатысуын қамтамасыз ету;
- университеттің студенттері мен оқытушы-профессор құрамының академиялық ұтқырлығын дамыту мақсатында жоғары білімнің еуропалық аймағына одан әрі интеграциялану;
- білім мен ғылым саласында университетті ақпараттық қамтамасыз ету желісін одан әрі дамыту;
- халықаралық ынтымақтастық өрісін кеңейту;
- алға қойылаған мақсаттарға жетудің құралы ретінде сапа жүйесін жетілдіру және оның жұмыс істеуі мен дамуына қажетті жағдайлар жасау.
Қызылорда ашық университетінің білімдегі сапа саласындағы академиялық саясаты университет стратегиясының негізгі, ажырамас элементі және ЖОО-ң білім беру қызметін жоспарлау негізі болып табылады.
Қызылорда ашық университетінің сапа саласындағы саясатын орындаудың қажетті шарты оны университеттің барлық қызметкерлері түсінуі және оны күнделікті жүзеге асыруға ұмтылысы болып табылады.
Университет басшылығы отандық және әлемдік озық тәжірибені қолдана отырып, сапа менеджменті жүйесін үнемі жетілдіріп отыру және сапа саласындағы академиялық саясатты қадағалауға бақылау жүргізу жауапкершілігін өзіне алады
- Published in Университет
- Be the first to comment!