Университет (122)
Қызылорда ашық университетінің мұражайы
2015 жылы Қызылорда ашық университетінің тарихи-танымдық этнографиялық мұражайының ашылуы Қазақ хандығының 550-жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар кешеніне орайластырылды.
«Қазақ хандығы» экспозициясын жасаудың негізіне XY ғасырдың 1465-1466 жж. Керей мен Жәнібек хандардың басшылығымен Батыс Жетісуда Шу және Талас өзендерінің алқабында қазақ хандығының қалыптасу тарихынан алынған мәліметтер пайдаланылды. Залдың экспозицияларын әзірлеуде Қазақ хандығының алғашқы хандары болған Жәнібек пен Керей хандардың Астана қаласындағы деректі материалдары мен фотосуреттері үлкен рөл атқарды.
Мұражай қорында, сонымен қатар, «Жайлаудағы қазақ ауылы» атты көрнекті панорама берілген. Панорамалық суреттің жанында XVIII-XIX ғғ қазақ халқының ежелгі тарихи тұрмыстық заттарының түпнұсқалары орналасқан: кебеже (азық-түлік сақталатын жиһаз), сандық (зат салуға арналған), кілемдер, ер тоқым, самаурындар, әртүрлі қалыптағы тостағандар, қымызға арналған кеселер мен ожау, ет салатын ағаш табақ, тегеш, кесеқаптар, жүкаяқ.
Осы барлық ежелгі атрибуттарды мұражай тарихи және мәдени құндылығы бар материалдар ретінде жинап, сақтап, экспонат жасайды, солардың негізінде жастар арасында оқу, ғылыми және тәрбие жұмыстары жүргізіледі.
Келесі экспозициялық кешенде қазақтың ата-бабаларынан мұраға қалған және осы күнге дейін сақталған салт-дәстүрлері: «ат қою, шілдехана, бесікке салу, құда түсу, сүндет той, алтыбақан, тоғыз кұмалақ» т.б., сондай-ақ қазақтың киіз үйлерінің X-XII ғасырлардан бастап тарихының фотоэкспозициясы берілген.
Мұражайдың фотосуреттер галереясында түркі әлемінің ортақ абызы, қобызшы, философ Қорқыт Атаға арналған экспозиция берілген, экспозицияларда сонымен бірге қоқандық хандардың алдыңғы шебі - Ақмешіт бекінісі салынған сәттен басталатын, күні бүгінге дейінгі Қызылорда тарихын аңғаруға болады, Сыр бойында өмір сүрген батырлар Жалаңтөс Сейітқұлұлы, Жанқожа Нұрмұхамедұлы, Бұқарбай Естеқбайұлы туралы материалдар баяндалған.
Сыр бойы – тарихы бай өлке. Нақ осы жерден өтетін Ұлы Жібек жолы бойында қала мәдениетінің ошағына айналған сауда-саттық орталықтары пайда болған. Бұл оғыздар мемлекетінің астанасы Жанкент, сақ патшаларының резиденциясы Шірік-Рабат, қыпшақ хандығының астанасы, ал кейіннен Ақ Орда астанасы, Қазақ хандығына бастау болған, «Дешті қыпшаққа кіретін қақпалар» деп аталған Сығанақ қалашығы. Осы барлық тарихи экспозициялар-фотосуреттер де университет мұражайының көрме залында берілген.
Бүгінгі күні мұражай қоры үлкен тарихи-мәдени және ғылыми маңызы бар сирек кездесетін, сыйға тартылған кітаптар мен қолжазбалар коллекциясын: Түркі әлемінің тарихи-мәдени атласы, Ұлы дала тарихы, «Автотрактор қозғалтқыштары» оқулығы - 1948 жылы шыққан (авторы техника ғылымдарының докторы, профессор А.В.Болтинский), Сырдария өңірі шайырларының қайталанбас дауыстары антологиясы және басқаларды қамтиды.
Мұражай қызметі университет тарихына бағытталған. Бүгінгі таңда мұражай экспозициялары Қызылорда ашық университетінің қалыптасуы мен дамуын тарихи-хронологиялық реттілікпен ашып көрсетеді. Жоо тарихы мұражайдағы стендтер және витриналардағы құжаттармен, фотосуреттермен берілген.
Мұражайдың экспозициялық аймағы «Университеттің қалыптасуы» атты аймақты қамтиды, мұнда ректорлар галереясы, университеттің ашылуына қатысты құжаттар берілген.
Мұражайда, сонымен бірге, оқытушылар мен білім алушылардың түрлі конкурстар мен олимпиадалардағы жетістіктерімен танысуға болады.
Университет тарихы мұражайының жұмысы – студент жастар арасында патриотизмді тәрбиелеудің маңызды құрамдасы. Бірінші курс студенттерінің «Мұражайдағы оқу күні» университет мұражайы бойынша шолу экускурсиядан басталады. Қала мен облыс мектептерінің оқушылары, алыс және жақын шетел мен Қазақстанның делегациялары - мұражайдың жиі қонақтары. Мұражай экспозициясының материалдары үнемі жаңартылып және өзектілендіріп отырады.
- Published in Университет
- Written by Shax
- Add new comment
Педагогика
Утепберген Индира Багдатовна Педагогика кафедрасының аға оқытушысы Пән: Қазақстан тарихы
|
Бахтиярова Гүлдана Пірәліқызы Педагогика кафедрасының оқытушысы Пән: Этнопедагогика |
Ғани Айзат Мүратбекқызы Педагогика кафедрасының оқытушысы Пән: Педагогика және психология |
- Published in Университет
- Written by Shax
- Add new comment
Инженерлік-технологиялар
- Published in Университет
- Written by Shax
- Add new comment
More...
- Published in Университет
- Written by Shax
- Add new comment
- Published in Университет
- Written by Shax
- Add new comment
Кәсіпкерлік
1 лекция - Кәсіпкерлік мәдениет пен этикасы
2 лекция - Кәсіпкерліктің ұйымдық - құқықтық нысандары
3 лекция - Менеджмент мәні мен қағидалары
4 лекция - Менеджменттің мәні мен қағидалары
5 лекция - Эйчер менеджментке кіріспе
6 лекция - Кәсіпкерлік ұйымды кадрмен қамтамасыз ету
7 лекция - Иновациялық менеджменттегі негізгі түсініктер
8 лекция - Басқарудағы стратегиялық тәжірибеиелердің даму тарихы
Бейне дәріс2
<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/L5BbNeacWKI?si=KKaLNJUArdJn_CIA" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture; web-share" allowfullscreen></iframe>