
Shax
«Экономика және басқару» кафедрасы
Кафедра меңгерушісі
э.ғ.к. Айтуған Айзада Айтуғанқызы
6В04141 - Есеп және аудит; 6В04140 - Экономика; 6B11476 - Әлеуметтік жұмыс; 6В04142 - Мемлекеттік және жергілікті басқару. |
![]() |
Кафедраның оқытушы-профессор құрамы – 19 адам, оның ішінде ғылым кандидаттары -13, магистрлер -3, аға оқытушылар -3.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы
![]() Елпанова Мадина Абжалиевна Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент |
![]() Еримбетова Бекзат Аристанбековна Экономика ғылымының магистрі, аға оқытушы |
![]() Примжанова Амина Абуталиповна Аға оқытушы |
Кафедраның негізгі міндеттері:
- кафедраға бекітілген білім беру бағдарламалары бойынша оқу жоспарларын, жұмыстық оқу бағдарламаларын әзірлеу;
- кафедраға бекітілген оқу пәндерін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;
- кафедраның оқытушы –профессор құрамының жеке жұмыс жоспарларын әзірлеп, жүзеге асыру;
- оқулықтар, оқу құралдарын, білім алушылардың біліміне ағымды, аралық және қорытынды бақылау өткізуге арналған әдістемелік құралдар дайындау;
- білім алушылар оқу материалдарын сапалы меңгеруі үшін жаңа технологиялар мен инновациялық бағдарламаларды пайдалану;
- білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру және қажетті оқу-әдістемелік материалдармен жарақтандыру;
- кәсіпорындармен, мекемелермен іскерлік және әріптестік қатынастар қалыптастыру;
- кафедра түлектерін еңбекпен қамтуға ықпал ету;
- кафедраның оқытушы-профессор құрамының біліктілігін арттыру;
- бекітілген жоспарларға сәйкес ғылым зерттеулер жүргізу, ғылыми жобалар дайындау, олардың нәтижелерін өндіріс пен оқу процесіне енгізу.
«Экономика және басқару» кафедрасы түрлі кәсіпорындармен және ұйымдармен: «Бағдаулет» шаруа қожалығы, «Бағдаулет-57» фермер қожалығы, «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы», Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерімен ынтымақтастық жасайды.
Кафедра оқытушылары ғылыми-зерттеу жұмыстары мен ғылыми-әдістемелік семинардың бекітілген жоспарларына сәйкес келесі ғылыми бағыттарда жұмыстар жүргізеді:
- Қызылорда облысының аграрлық өнеркәсібінің мемлекеттік қолдаудың механизмдерін жетілдіру;
- Жұмыссыз халықтың бүгінгі күні, кедейшіліктің туындау себептері және олармен күрестің негізгі механизмдері;
- Мұнай - газ саласындағы логистикалық жүйелердің ерекшеліктері;
- Қызмет көрсету аясында көлік нарығына күрделі қаржы енгізудің экономикалық тиімділігі;
- Кәсіпорында еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру жолдары;
- Капитал нарығы және ақша-несие саясаты;
- Қазақстандық студент жастардың экологиялық санасы әлеуметтік белсенділіктің факторы ретінде;
- Қызылорда облысындағы туризмнің қазіргі жағдайы мен даму болашағы;
- Экологиялық аймақ тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайының мониторингі;
- Қазақстан Республикасындағы өзін-өзі жұмыспен қамту нарығының қалыптасуы.
- Published in Университет
- Be the first to comment!
Құқық және қызмет көрсету кафедрасы
«Құқық және қызмет көрсету» кафедра меңгерушісі
з.ғ.к. Бисенова Маржан Қылышбайқызы
е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
«Құқық және қызмет көрсету» кафедраcы университетінің оқу-ғылыми құрылымы болып табылады
Кафедра келесі білім беру бағдарламалары бакалавр даярлау жүргізеді:
– «Құқықтану (қылмыстық құқықтық)» – «Құқықтану (мемлекеттік қызмет)» – «Құқықтану (қаржы құқығы)» – «Экология» – «Мәдени - тынығу жұмысы» – «Кітапхана ісі» – «Дизайн». |
![]() |
Кафедра заң, жаратылыстану, өнер, әлеуметтік білім, қызмет көрсету ғылыми бағыттарда мамандар даярлауда оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзгізеді.
Кафедраның оқытушы-профессор құрамы 32 оқытушыдан тұрады, оның ішінде 14 ғылым кандидаттары, 5 магистр-оқытушы, 4 доцент, 28 аға оқытушы бар.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы
![]() Адамбаева Айжан Султанбековна Заң ғылымдарының магистрі |
![]() Айтмаханқызы Сауле Аға оқытушы |
![]() Есмагамбетова Гульнара Калиевна Аға оқытушы |
![]() Камалханова Жанар Жанайдарқызы Жаратылыстану ғылымдарының магистрі |
![]() Ябинова Акбөбек Русланқызы Заң ғылымдарының магистрі |
Кафедра оқытушылары студенттермен тығыз байланыса отырып, жан-жақты тәрбие жұмыстарын жұргізіп, аймақ, республика деңгейіндегі жоғары оқу орындары арасындағы жарыстарға, пәндік олимпиадаларға белсене қатысады.
6В04246 – «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша кафедра құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметтің түрлі салаларының ұйымдары үшін жоғары білікті мамандар дайындайды.
Негізгі ғылыми бағыттар:
- Мемлекет және құқық теориясы;
- Мемлекет және құқық тарихы;
- Қылмыстық құқық;
- Криминалистика.
Кафедраның оқытушылары тұрақты оқу-әдістемелік жұмыстар жургізеді; университетте жыл сайын өткізілетін студенттік конференцияға студенттерді дайындайды. Сонымен бірге басқа ЖОО-да өткізілетін халықаралық және республикалық конференциялар мен студенттік олимпиадаларға қатысатын студенттерді дайындайды.
Кафедраға криминалистика кабинеті бекітіліп берілген, ол криминалистиканың негізгі элементтерін көрсететін стендтермен жарақтандырылған, криминалистикалық зертхана жұмыс істейді.
Кафедрада болашақ заңгер мамандарды дайындауға қажетті сот мәжілісі залы жұмыс істейді. Кафедра жанында «Жас заңгер» үйірмесі жұмыс істейді. Оқытушылармен бірлесіп студенттер азаматтарға заң кеңестерін береді.
Кафедра республиканың оқу орындарымен тығыз ынтымақтастық жасайды:
- Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен;
- М.Х.Дулат атындағы Тараз өңірлік университетімен;
- Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетімен;
- Қазақ гуманитарлық-заң университетімен.
6В05247 – «Экология» білім беру бағдарламасын бітірушілер келесі салаларда жұмыс істей алады:
- арнаулы оқу орындарында экология оқытушысы;
- агробиостанцияларды жоспарлау, реконструкциялау, суландыру, көгалдандыру бойынша жобалау және конструкторлық ұйымдарды;
- түрлі деңгейдегі мемлекеттік құрылымдарды;
- санитарлық-эпидемиологиялық орталықтарда, ауыл шаруашылығы ұйымдарында және минералды шикізатты қайта өңдеу өндірісінде.
Ғылыми бағыттар:
- өсімдіктерді қорғау;
- мұнай өндіруші кәсіпорындардың Арал өңірінде экологиясына әсерін зерттеу;
- Арал өңірі ауыл шаруашылығын экологиялық бағалау.
Ғылыми байланыстар:
- Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты;
- Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты;
- Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті;
- Алматы технологиялық университеті;
- Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті;
- М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті.
6В03231 – «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасы бойынша түлектер кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындайды:
- Кітапханашы, библиограф әдіскер;
- Референт-хабаршы, құжаттанушы, ғылыми қызметкер;
- Бөлім сектор меңгерушісі;
- Кітапхана колледжінің оқытушысы.
Мәдениет, кітапханалық-ақпараттық саланың заманауи талаптарын меңгерген, кітапхана қызметін сапалы қамтамасыз ете алатын мамандар даярлау. |
- ҚР Ұлттық кітапханасы;
- Алматы қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі.
Алдыңғы буын кітапханашылардың тәжірибесін жинақтай отырып, қазір ақпараттық жұмыстың сан қырлары ашылып, толығып, жаңа автоматтық технологиялармен модернизацияланып келеді. Сондықтан да қазіргі кітапханашы - ақпаратты жеткізуші, ақпараттық ресурстардың референт-талдаушысы. Әлемдік ауқымдағы ақпаратты компьютердің көмегімен игеріп, оқырманға жеткізіп отырады.
Ғылыми байланыстар:
- М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
- М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
- Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті.
6В11111 – «Мәдени - тынығу жұмысы» білім беру бағдарламасы мен 6В02132 – «Дизайн» білім беру бағдарламалары.
Кафедраның ғылыми – зерттеу жұмысы:
- Студенттердің білімін жетілдіру;
- Білім нарығын қалыптастыруды зерттеу.
Кафедраның негізгі жұмысы – білікті мамандар даярлау; дизайн бакалаврларын, мәдениет, өнер, шығармашылық орталықтар, әуесқой, клуб бірлестіктері, мектеп және мектептен тыс мекемелер мен бұқаралық ақпарат құралдары болып табылады.
Халықаралық кеңістікте бәсекеге қабілетті, терең кәсіби құзыреттілікке ие сән дизайны, графикалық және сәулеттік дизайн саласында жоғары білімді жоғары білікті кадрларды даярлау.
Мәдени – бұқаралық іс – шаралар сценарийлерін әзірлеу кезінде шығармашылық көзқарас және театр өнері элементтері бар мәдени-демалыс мекемелерінің қызметінде жоспарлау, ұйымдастыру және басқару әдіснамасын қолдануға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау.
Ғылыми байланыстар:
- Қазақ технология және бизнес университеті;
- С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті;
- Сырдария университеті;
- М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті;
- Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті;
- Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті.
![]() |
![]() |
- Published in Университет
- Be the first to comment!
Оқу процесін тіркеуші офисі
Миссиясы:
Оқу процесін тіркеуші офисі білім алушылардың академиялық үлгерімін басқару және бақылау арқылы оқу сапасын арттыруға, заманауи технологияларды қолдана отырып, университеттің академиялық процестерінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Міндеттері:
Байланыс: |
- Published in Университет
- Be the first to comment!
Студенттік бөлім

Студенттік бөлімнің басшысы
Миссиясы:
Студенттік бөлім студенттерге әкімшілік қызмет көрсету арқылы олардың академиялық және әлеуметтік өмірін жеңілдетуді мақсат етеді. Бөлім құжаттарды рәсімдеуде, мәліметтерді сақтауда және студенттерге қажетті ақпарат пен қолдау көрсетуде маңызды рөл атқарады.
Міндеттері:
- Бірінші курсқа қабылданған студенттердің құжаттарын қабылдау және рәсімдеу.
- Студенттер туралы мәліметтерді деректер базасына енгізу және жаңарту.
- Университет студенттерінің жеке іс-қағаздарын сақтау және уақытында жаңарту.
- Академиялық анықтамалар беру және олардың есебін жүргізу.
- Студенттердің қозғалысы туралы бұйрықтардың көшірмелерін беру.
- Диплом бланкілерін сұрату және оларды рәсімдеу.
- Оқу жұмыстарына байланысты басқа ЖОО-лармен және мекемелермен хат алмасуды ұйымдастыру.
- Бітіруші студенттердің еңбек кітапшаларын толтыру.
- Студенттерге құжаттарды рәсімдеу, академиялық анықтамалар және басқа мәселелер бойынша кеңес беру.
- Published in Университет
- Be the first to comment!
Оқу-әдістемелік бөлім
Оқу-әдістемелік бөлім оқу орнының негізгі құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім ҚР МЖБС және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің нормативтік құжаттарына және ректор бекіткен ішкі құжаттарға сәйкес кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырады және олардың орындалуына бақылау жүргізеді.
Оқу-әдістемелік бөлімнің негізгі функциялары:
- білім беру бағдарламаларының жұмыстық оқу жоспарларын жасау;
- аралық және қорытынды бақылау кестесін жасау;
- академиялық күнтізбе жасау және оның орындалуына бақылау жүргізу;
- білім алушылардың біліміне аралық бақылау түрлерін ұйымдастыру болып табылады.
Бөлім оқу орнының барлық құрылымдық бөлімшелерінде ішкі аудит ұйымдастырып, өткізеді, оқу сабақтарын өткізуді, кафедралардың жұмысын ұйымдастырады; тексерулер барысында анықталған кемшіліктерді жою жұмыстарын бақылайды, ҚР «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің нормативтік құжаттары мен ректордың бұйрықтары негізінде оқу процесін ұйымдастыруға жалпы басшылық жүргізеді, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің талаптарына сәйкес қорытынды аттестаттауға бақылау жүргізеді.
Байланыс телефоны: 8(7242) 30-46-40.
- Published in Университет
- Be the first to comment!
Академиялық мәселелер жөніндегі проректор
Әлібекова Айгүл Бекқожақызы
Экономика ғылымдарының кандидаты
Байланыс телефоны:
факс: +7(7242)-24-60-47
e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
- Published in Университет
- Be the first to comment!
Ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор
Шынбергенов Ерлан Алимжанович
PhD доктор
Байланыс телефоны:
факс:8 (7242) 24-60-47
- Published in Университет
- Be the first to comment!
Бірінші проректор
Еримбетов Коктем Акарысович
Философия докторы PhD
Байланыс телефоны:
телефон: 8-701-180-61-98
- Published in Университет
- Be the first to comment!
Ректор
Бисенов Кылышбай Алдабергенович
т.ғ.д., профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі
Қызылорда ашық университетінің ректоры
тел: 8 (7242) 24 60 47, 8 701 724 70 01
e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
- Published in Университет
- Be the first to comment!