Университет

Университет (122)

Қызылорда ашық университетінің халықаралық байланыстары

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕМОРАНДУМДАР

 
 

 
 
 
 
 
   
   
 

                                           

                                           Халықаралық ашық университеттер қауымдастығына мүше оқу орындары:

                                                                                      1.Әзірбайжан дипломатиялық академиясы (www.ada.edu.az)
                                                                                      2. Қытай ашық университеті
                                                                                      3. Цзилинь радио және теледидар университеті
                                                                                      4. Шанхай телевизиялық университеті
                                                                                      5. Лудун университеті
                                                                                      6. Янбиан университеті
                                                                                      7. Қытай Ұлттық ашық университеті (Тайвань)
                                                                                      8. Жапония ашық университеті
                                                                                      9. Малайзия ашық университеті
                                                                                     10. Моңғолия Ғылым және технология университеті
                                                                                     11. Непал Трибхуван университеті
                                                                                     12. Пәкістанның Аллама Икбал атындағы ашық университеті
                                                                                     13. Таиланд Рамхамхаенг университеті
                                                                                     14. Сухотай Тамматират ашық университеті
                                                                                     15. Вьетнам Ханой ашық университеті

 

Read more...

Тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру басқармасы

Тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру басқармасы университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Басқармасы қызметінің мақсаты студенттердің мазмұнды әрі қызықты қоғамдық өміріне бағытталған тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстар мен бос уақытты мәдени өткізуді ұйымдастыру, жастар саясатын жүзеге асыру болып табылады.
Университеттің тәрбие жұмысының басым бағыттары жастарды отан сүйгіштікке тәрбиелеу, тұлғаның мәдени және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық белсенділікті дамыту, көшбасшылық дағдыларды қалыптастыру, рухани-өнегелік тәрбие, саламатты өмір салтын қалыптастыру және дарынды жастарға қолдау көрсету болып табылады.
Басқармасы университетте қалыптастырылған жастардың университет өміріндегі орнын, маңызын, рөлін айқындайтын құрылым болып саналатын студенттік өзін өзі басқару жүйесінің жұмысына басшылық жасайды.
Студенттік өзін өзі басқару жүйесі университетте түрлі іс-шаралар өткізетін қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдарды қамтиды
Университетте өткізілетін іс-шаралар студенттік өзін өзі басқару жүйесіндегі қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар, атап айтқанда, «Жастар ісі жөніндегі комитет», «Жасыл ел» және «Құрылыс» студенттік жасақтары, жатақхананың студенттік кеңесі волонтерлік жасағы арқылы жүргізіледі.
Студент жастардың өмірінде кездесулер, пікірталастар, шоу-бағдарламалар, спорттық жарыстар, КТК конкурстары, дөңгелек үстел, «Біз дарынды жастарды іздейміз!» өнер фестивалі, І-курс студенттері арасында көңілділер мен тапқырлар конкурсы, спартакиадалар тәрізді іс-шаралар өткізу дәстүрге айналды.
Тел: 8(7242) 303636

 

   
Read more...

Жастар ісі жөніндегі комитет

 

Студент жастардың өміріндегі проблемаларды шешуге қатысу, олардың әлеуметтік белсенділігін дамыту, жастардың әлеуметтік ұстанымдарын қолдау үшін Қызылорда ашық университетінде Жастар ісі жөніндегі комитет құрылды.

«Жастар ісі жөніндегі комитет туралы ереже» негізінде әрекет етеді және   студенттердің тұрақты жұмыс істейтін өкілетті органы болып табылады.

Комитеттің жұмысына төраға - Оралбай Рысдәулет Оралбайұлы жетекшілік етеді.

Жастар ісі жөніндегі комитет жұмысының мақсаттары мен міндеттері:

  • ЖОО басқарудағы студенттердің құқықтары қадағалануын, білім алушылардың әлеуметтік қорғалуын және әлеуметтік бейімдеуге көмек көрсетуді қамтамасыз ету;
  • студенттерде өзін - өзі басқару дағдылары мен машықтарын қалыптастыру, оларды қоғам өміріне құзыретті және жауапкершілікпен қатысуға дайындау;
  • студенттердің азаматтық мәдениетін, белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру, олардың әлеуметтік жағынан дамытуға ықпал ету;
  • студенттердің тұлғалық және кәсіби қасиеттерін жетілдіруге ықпал ету;
  • студенттердің жастар саясатын жүзеге асыруға тікелей қатысуы.

 

 

 

 

 

 

 

Read more...

Жатақхана

Жатақханада студенттердің тұруына барлық жағдай жасалған. Жатақхананың бөлмелері 2-3 адамға есептелген және сабаққа дайындалуға, демалуға қажетті жиһаздармен жабдықталған.

   
Read more...

Қызылорда ашық университетінің «Қызылорда технология және қызмет институт» құрылымдылық бөлімшесінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілүде

Қызылорда ашық университетінің «Қызылорда технология және қызмет институт» құрылымдылық бөлімшесінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілүде

 637

       Институттың кәсіби бағдар беру тобы Қызылорда қаласындағы І. Қабылов атындағы № 12 IT-мектеп-лицейінде, І. Қабылов атындағы № 12 IT-мектеп-лицейінде, Әли Мүсілімов атындағы № 101 мектеп-лицейінде, № 176 орта мектебінде,№ 172 орта мектебінде, Н. Ергешбаев атындағы оқушыларына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

      11 сынып оқушылары мамандық таңдауға байланысты сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын ала білді.

Read more...

Қызылорда Ашық университеті мен өңірлік жоғары оқу орындар арасындағы әріптестік байланыс одан әрі жаңғыра түспек.

<Бұл жөнінде Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтына іс-сапармен барған “Қызылорда Ашық университеті” КеАҚ ректоры, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі Кылышбай Бисенов мәлімдеді.

“Бүгін Қызылорда Ашық университетінің әлеуметтік серіктестік кеңістігін кеңейту және өңірлік жоғары оқу орындарымен өзара байланысты нығайту мақсатында атбасын көне Әулиеата жеріне, тарихы терең Таразға бұрдық. Сапарымыздың кіріспесін өзім сыйлас болған, ақылшы аға болған, Ұлтымыздың абызкеуде ақсақалы болған Қазақ халқының даңқты перзенті, кемеңгер жазушысы Шерхан Мұртазаның ескерткішіне гүл қоюдан, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының базасында орналасқан Шерхантану орталығының жұмысымен танысудан бастадық. Онан соң, институттың ректоратымен, жетекші ғалымдарымен бірге оқу орынының даму перспиктивасын талқылап, ой бөлістік, идея алмастық.

Жекеменшік оқу орындарын білім беру үдерістеріне сәйкес дамытудың озық үлгісін көрсетіп келе жатқан институттың материалдық-техникалық базасы жаңа заман талаптарына толық сәйкес келетіндігімен ерекшеленеді.

Алдағы уақытта институтпен әріптестік байланыс жанданып, өзара тәжірибе алмасу жұмыстары нығаятын болады”, — деп жазды ол әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.

 

 

Read more...

Ішкі нормативтік құжаттар

Ішкі нормативтік құжаттар атауы Көру
1 «ҚЫЗЫЛОРДА АШЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» ББМ САПАНЫ ІШКІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЯСАТЫ МЕН СТАНДАРТТАРЫ Ашу
2 «Қызылорда ашық университеті» білім беру мекемесі оқытушылары мен қызметкерлерінің ар-намыс кодексі Ашу
3 «Қызылорда ашық университеті» білім беру мекемесінің Ішкі тәртіп ережелері Ашу
4 Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және сараптау ережесі Ашу
5 Академияляқ адалдық ережесі Ашу
6 Білім алушылардың жазбаша жұмыстарын плагиатқа тексеру ережесі Ашу
7 2023-2024 оқу жылындағы университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушалардың оқу жүктемесін жоспарлау және бақылау шаралары мен оқу жұмысының түрлері бойынша уақыт мөлшері Ашу
8 Академиялық сапа жөніндегі комитеттің ережесі Ашу
9 Бакалавриат бағдарламалары туралы ережесі Ашу
10 Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары Ашу
11 Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесі Ашу
12 Пәннің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу және рәсімдеу ережелері Ашу
13 Кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу туралы ереже Ашу
14 Студенттердің академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру ережесі Ашу
15 Элективті пәндер каталогын дайындау және пәндерді таңдау ережесі Ашу
16 Diploma supplement еуропалық үлгідегі дипломға қосымшаны жасау және беру туралы әдістеемелік ұсыныстар Ашу
17 Дипломдық жұмыс жасау ережесі Ашу
18 Эдвайзер жұмысын ұйымдастыру ережесі Ашу
19 Қызылорда ашық университетінің білім алушыларына арналған ар-намыс кодексі Ашу
20 Білім алушыларына академиялық демалыс берудің ережесі Ашу
21 Қызылорда ашық университетінің білім алушыларына арналған ішкі тәртіп ережесі Ашу
22 Қызылорда ашық университетінің жатаханада тұру ережесі Ашу
23 Білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау ережесі Ашу
24 Қызылорда ашық университетінің білім беру қызметін жүзеге асыруда сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтын алдын-алу жөнінде қоғамдық комиссия ережесі Ашу
25 Оқу әдістеме жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары Ашу
26 Қызылорда ашық университетінің оқу үдерісінің кестесі – 2023-2024 оқу жылының күндізгі бөлімі бойынша Ашу
27 Білім алушыларына академиялық демалыс берудің ережесі Ашу
28 Қызылорда ашық университетінің оқу үдерісінің кестесі – 2023-2024 оқу жылы (ҚОТ) Ашу
29 «Қызылорда ашық университеті» білім беру мекемесі басшылары, мамандары лауазымдарының біліктілік сипаттамалары Ашу
30 «Қызылорда ашық университеті» білім беру мекемесінің кадрлық саясаты Ашу
31 «Қызылорда ашық университеті» білім беру мекемесінің педагогтарының (профессор-оқытушылар құрамы) және ғылыми қызметкерлерінің лауазымдық біліктілік сипаттамалары Ашу
32 «Қызылорда ашық университеті» білім беру мекемесінің педагогтердің(профессор-оқытушылар құрамына) және ғылыми қызметкерлері лауазымдарына конкурстық орналасу ЕРЕЖЕЛЕРІ Ашу
33 Қызылорда ашық университеті түлегінің моделі Ашу
34 Қызылорда ашық университетінің 2023-2027 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспары Ашу
35 «Қызылорда ашық университеті» білім беру мекемесінің Кадрлық резерв туралы ережесі Ашу
36 Дербес деректерді қорғау туралы ереже Ашу
37 Қызылорда ашық университетінің білім саласындағы педагогтарының (профессор оқытушылар құрамына) арналған кәсіптік стандартары Ашу
38 Педагогтарының кәсіптік стандарты Ашу
Read more...

Педагогика кафедрасы

Кафедраға қарасты білім беру бағдарламалары:

6В01514 - Информатика

6В01408 - Бейнелеу өнері және сызу(Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау)

6В01409 - Кәсіптік оқыту (Көркем еңбек және арнайы пәндер)

6В01202 - Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту

6В01301 - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

6В01102 - Педагогика және психология

6В01407 Дене шынықтыру және спорт

 Кафедраның негізгі бағыты: педагогикалық білім берудің: мектепке дейінгі және мектептегі оқыту мен тәрбиелеудің және мектептегі психологиялық-педагогикалық мәселелерді шешудің тиімді әдістерін әзірлеу.

Кафедраның негізгі мақсаты: педагогикалық бағыттағы бакалавларды даярлауда өңірдегі көшбасшылық позицияны қамтамасыз ету болып табылады.

Кафедраның негізгі қағидалары:

  • ашықтық принципі. Кафедра мен кафедра жобалары туралы ақпараттың әлеуметтік желілерде қолжетімділігін, қашықтықтан оқыту технологиялары мен web – мүмкіндіктер негізінде жедел кері байланысты, кафедраның профессор-оқытушылар құрамының білім алушылармен, жұмыс берушілермен және талапкерлермен ашық өзара іс-қимыл жүйесін көздейді.
  • қол жетімділік принципі. Білім алушылар үшін қосымша білім беру қызметтерінің кең спектрін және икемді дағдыларды табысты кәсіби өзін өзі іске асыру мен бәсекеге қабілеттіліктің қажетті құрамдас бөлігі ретінде дамыту мүмкіндіктерін ұсыну;
  • өзара әрекеттесу принципі. Барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарымен, инновациялық кәсіпорындармен және өңірді дамыту драйверлерімен, білім беру қызметтері нарығында жұмыс істейтін жеке ұйымдармен өзара байланысты дамыту.

 Педагогика кафедрасы төмендегі ЖОО-мен тығыз ынтымақтастық, шығармашылық байланыста:

  • Ш.Есенов атындағы Инжиниринг және технологиялар университеті;
  • С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті;
  • Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
  • Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті
  • Батыс Қазақстан Инновациялық-тех-нологиялық университеті
  • Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты.

6В01514 Информатика мамандығы  - заманауи ақпараттық технологиялар мен педагогикалық технологиялардың әдістері мен тәсілдерін, ғылыми жетістіктерін білім беру үдерісінде қолдана алатын, нарық экономикасы сұранысына   сай, ізденімпаз жоғары білімді  болашақ информатика мұғалімдерін даярлау болып табылады. Университет бітірушілерге «Информатика бакалавры» академиялық            дәрежесі     беріледі.    

6В01408 - Бейнелеу өнері және сызу (Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау) БББ бойынша жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікке ие, бейнелеу өнері және сызу саласында жүйеленген білімді меңгерген, оқу үрдісін заманауи-ғылыми деңгейде ұйымдастыра алатын және кәсіби біліктілігі жоғары  бакалаврлар дайындау. БББ түлектері:

  • орта мектептердегі «Бейнелеу өнері және сызу» пәнінің мұғалімі,;
  • техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде арнайы пәндердің оқытушысы, өндірістік оқыту шебері, бейіндік мектептерде мамандырылған білім беретін оқытушы; біліктілік көтеру орталықтарының оқытушысы болып қызмет атқара алады

6В01409 - Кәсіптік оқыту (Көркем еңбек және арнайы пәндер) БББ мақсаты - жалпы мәдени, кәсіби және пәндік құзыреттіліктері бар жоғары білікті әрі кәсіби ұтқыр сонымен қатар, жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікке ие педагог кадрларды даярлау. Кәсіптік оқыту бакалавры жалпы білім беретін мектеп, лицей, колледждерде және оқу-өндірістік комбинаттар, оқу-курстық жүйелер, жұмыспен қамту орталығы мамандары мен біліктілігін көтеру мен қайта даярлау, дайындау орталықтарында жұмыс атқарады.

6В01202 - Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту БББ  мақсаты - мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды трансформациялау жағдайында балалардың дамуын қамтамасыз етуге қабілетті көшбасшылық қасиеттерге, икемді дағдыларға ие, инновациялық қызметке дайын кәсіби құзыретті бакалврларды дайындау.

6В01301 - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі БББ мақсаты – заманауи талаптар негізінде белсенді азаматтық ұстанымы, көшбасшылық қасиеттері, әлеуметтік жауапкершілігі және кәсіби құзыреттілігі бар бастауыш білім беру саласында бакалаврлар даярлау.

6В01102 - Педагогика және психология БББ мақсаты - білім беру үдерісінің оқу-тәрбие және эксперименталды-зерттеу аспектілерін үйлестіре алатын білікті, бәсекеге қабілетті педагог-психологтарды дайындау.     

6В01407 - Дене шынықтыру және спорт БББ мақсаты -  жұмыс берушілердің талаптары мен қоғамның әлеуметтік сұранысын ескере отырып, кәсіби білімін, практикалық дағдыларын жүзеге асыруда бәсекеге қабілетті және табысты болуға мүмкіндік беретін өзгеретін білім беру талаптарына бейім дене шынықтыру бакалаврларын даярлау.

 

Түйіндеме

 

 

Read more...
Subscribe to this RSS feed