Shax

Shax

Жаппай ашық онлайн (МООК) курстар жүйесін құру жобасы аясында Қызылорда ашық университетінің оқытушы-профессорлары бейнедәріс жазу жұмысын жалғастыруда.

        Университеттің бейнестудиясында “Экономика және басқару” кафедрасының қауымдастырылған профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Елпанова Мадина Абжалиқызы және “Экономика және басқару” кафедрасының аға оқытушысы Пиримжанова Амина Абуталипқызы онлайн бейнедәріс жүргізді.

Қарттарды қадірлеу, үлкенді үлгі етіп, құрметтеу қазақы болмысымызбен тəрбиемізге тəн ұлағатты тəлім.

          Жыл сайынғы дәстүр бойынша Қызылорда ашық университеті мен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі студенттері жаңа жыл қарсаңында «Жаңа жыл - 2024» атты концерттік бағдарламамен «№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мекемесіне барды.

Білім алушыларға

Құрметті студенттер!
 
          Сыр өңірінің білім беру ісінде өзіндік орнын қалыптастырған жоғары оқу орындарының бірі – Қызылорда ашық университеті. Оқу ордасының  тарихы 1998 жылы құрылған Қызылорда инженерлік-экономикалық институтынан басталады.
         Бүгінде жоғары оқу орны бакалавриаттың 23 білім беру бағдарламасы бойынша ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің лицензиясына сейкес білім беру қызметін жүргізеді.
        Университеттің Стратегиялық даму жоспарының басты мақсаты  – еліміздегі және Орта Азиядағы таңдаулы, халықаралық үлгідегі жоғарғы оқу орындарының бірі болу. Миссиямыз - аймағымыз бен еліміздің индустриалды-инновациялық дамуына үлес қосатын тұлғалық қасиеті мен кәсіби біліктілігі қалыптасқан білімді мамандар дайындау.
        Университет қызметінің негізгі бағыты - Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру.
        Бүгінгі таңда Университет шетелдің бірнеше ЖОО-мен Меморандумдар мен келісімшарттарға қол қойып, халықаралық ынтымақтастық шеңберін кеңейтті. Олардың қатарында Корей Ұлттық ашық университеті, Польшаның Быдгощ университеті, Болгарияның Тракия университеті,  Ыстамбұл Есенюрт Университеті, Сакария қолданбалы ғылымдар университеті, К.А.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университеті-Мәскеу ауылшаруашылық академиясы, Мәскеу кәсіпкерлік академиясы, Қазан федералды университеті (Татарстан Республикасы), Белоруссияның Полоцкий мемлекеттік университеті, Ош мемлекеттік университеті, Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университеті, т.б. оқу орындары бар.
         Ғылыми-инновациялық даму бағыты бойынша бірнеше ғылыми  жобалар жүзеге асырылуда.
Білім ордасының заман талабына сай материалды-техникалық базасы қалыптасқан. 2012 жылы жаңа кітапхана салынып, 2014-2016 жылдары екі жаңа оқу ғимараты, 2017-2018 оқу жылында жаңа оқу-зертханалық кешен іске қосылды.
Біздің басты мақсатымыз - кәсіби біліктілігі жоғары және бәсекеге қабілетті мамандар дайындау. Университет 25 жылдан астам тарихында он мыңнан аса мамандар дайындап шығарды.
         Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті кәсіби мамандар және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, халқына адал қызмет атқаратын  тұлғаларды тәрбиелеу біздің негізгі мақсатымыз.
 «Сыр бойында біз шығар биіктер әлі алда!» деген жан-жақты ізденіспен, өмірлік ұстаныммен білім кеңістігінде тұрақты даму жолындамыз.

 

Мансап және жұмысқа орналасу қызметі орталығы

Саймағанбетов Нұрлытаң Кәдірбекұлы
Орталықтың бас маманы
email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Миссиясы:
Мансап және жұмысқа орналасу қызметі орталығы университет түлектерінің кәсіби мансаптарын дамытуға жәрдемдесу, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында жұмыс істейді.

Міндеттері:

  1. Қызылорда облысы мен қаласындағы орта мектептер мен колледждерде кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру.
  2. Мектеп оқушыларына мамандық таңдау бойынша кеңес беру және кәсіби бағдар беру іс-шараларын өткізу.
  3. Колледж бітірушілерімен байланыс орнату және университет туралы ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізу.
  4. Ашық есік күндерін ұйымдастыру арқылы мектеп оқушылары мен колледж студенттерін университетпен таныстыру.
  5. Университет түлектерінің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу және еңбек нарығындағы мүмкіндіктерді ұсыну.
  6. Университет пен білім беру мекемелері арасындағы жұмысқа орналастыру саласындағы ынтымақтастықты нығайту және дамыту.

 

 

 

 

                                                                                                                                                                                                                                   ЕРЕЖЕ   

 

 

 

 

 

 

ҒЗЖ бағыттары

Қызылорда ашық университетінің профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-ерттеу жұмыстарының бағыттары:

 

  • Мектептегі психологиялық-педагогикалық мәселелерді оқытудың, тәрбиелеудің және шешудің тиімді әдістерін әзірлеу;
  • Жоғары оқу орындарында физика курсын оқыту әдістемесіне ақпараттық инновациялық технологияларды қолдану арқылы жетілдіру;
  • Қызылорда облысының аграрлық өнеркәсібінің мемлекеттік қолдаудың механизмдерін жетілдіру;
  • Мұнай - газ саласындағы логистикалық жүйелердің ерекшеліктері;
  • Қазақстандық студент жастардың экологиялық санасы әлеуметтік белсенділіктің факторы ретінде;
  • Экологиялық аймақ тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайының мониторингі;
  • Қазақстан Республикасындағы өзін-өзі жұмыспен қамту нарығының қалыптасуы;
  • Инвестициялық жобалардың тиімділігі;
  • Құқық білім беру бағдарламасы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтың криминологиялық аспектілерін саралау;
  • Кітапхана жұмысының үдідерісіне инновациялық ақпараттық технологияларды енгізу;
  • Кызылорда облысы жагдайында жонышка дайындау технологиясын негиздеу;
  • Күріш қауызы негізінде арболитті бетонның технологиялық қасиеттерін зерттеу;
  • Құрылыс материалдарының қасиеттерін геометриялық моделдеу;
  • Құмкөл кен орнының сарқынды суларымен ағаш дақылдарын суару технологиясы;
  • Асфальт-шайырлы - парафинді шөгінділерді пайдалана отырып, керамикалық құрылыс материалдарының құрамы мен технологияларын әзірлеу;
  • Ыстық климат жағдайында асфальтобетонның эксплуатациялық қасиеттерін жақсатру.
Subscribe to this RSS feed