Тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру басқармасы

Тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру басқармасы университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Басқармасы қызметінің мақсаты студенттердің мазмұнды әрі қызықты қоғамдық өміріне бағытталған тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстар мен бос уақытты мәдени өткізуді ұйымдастыру, жастар саясатын жүзеге асыру болып табылады.
Университеттің тәрбие жұмысының басым бағыттары жастарды отан сүйгіштікке тәрбиелеу, тұлғаның мәдени және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық белсенділікті дамыту, көшбасшылық дағдыларды қалыптастыру, рухани-өнегелік тәрбие, саламатты өмір салтын қалыптастыру және дарынды жастарға қолдау көрсету болып табылады.
Басқармасы университетте қалыптастырылған жастардың университет өміріндегі орнын, маңызын, рөлін айқындайтын құрылым болып саналатын студенттік өзін өзі басқару жүйесінің жұмысына басшылық жасайды.
Студенттік өзін өзі басқару жүйесі университетте түрлі іс-шаралар өткізетін қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдарды қамтиды
Университетте өткізілетін іс-шаралар студенттік өзін өзі басқару жүйесіндегі қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар, атап айтқанда, «Жастар ісі жөніндегі комитет», «Жасыл ел» және «Құрылыс» студенттік жасақтары, жатақхананың студенттік кеңесі волонтерлік жасағы арқылы жүргізіледі.
Студент жастардың өмірінде кездесулер, пікірталастар, шоу-бағдарламалар, спорттық жарыстар, КТК конкурстары, дөңгелек үстел, «Біз дарынды жастарды іздейміз!» өнер фестивалі, І-курс студенттері арасында көңілділер мен тапқырлар конкурсы, спартакиадалар тәрізді іс-шаралар өткізу дәстүрге айналды.
Тел: 8(7242) 303636