Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру бөлімі

Сайлаубекова Нуржамал Сайлаубековна
Техника ғылымдарының кандидаты
Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі

 

 

Бөлімінің негізгі мақсаттары:
- Қызылорда ашық университетінің ғылыми-зерттеу қызметін құрылымдық және басқарушылық оңтайландыру және жандандыру;
- университеттің академиялық және салалық ғылымдарын интеграциялау;
- университет ғалымдарының іргелі, қолданбалы зерттеулері мен техникалық әзірлемелерінің деңгейін арттыруды және көлемін ұлғайтуды ғылыми-ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
- білім алушы жастардың ғылыми шығармашылығын дамыту;
- ғылым мен білім берудің әлемдік жүйесіне кіру мақсатында ғылыми орталықтармен және оқу орындарымен халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейту;
- зерттеушілердің зияткерлік меншігі мен авторлық құқықтарын қорғау, сондай-ақ ғылыми жобалар мен зияткерлік қызмет нәтижелерін коммерцияландыру үшін жағдайлар жасау.

 

 

 

Бөлімде іргелі зерттеулер жүргізілуде, олардың бірі «Күріш ауыспалы егісінде фосфогипсті көпқұрамды тыңайтқыш ретінде қолдану технологиясын әзірлеу» тақырыптың жетекшісі бөлімнің аға ғылыми қызметкері а/ш.ғ.д., профессор Таутенов Ибадулла Айғалиұлы және бірлескен орындаушылар бөлімнің кіші ғылыми қызметкерлері х.ғ.м. Сейтхан Халифа Ағытайқызы, Жұбандық Гүлсезім Самұратқызы.

                                                                                                                                                                   ЕРЕЖЕ