Shax

Shax

«Бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастырудағы цифрлық технологиялардың ролі»

«Қызылорда ашық университеті» Қызылорда технология және қызмет институтының 25 жылдық мерейтойы аясында «Бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастырудағы цифрлық технологиялардың ролі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылады

Ашық есік күніне шақырамыз

Институт 25 жылдығы мерейтойының құрметіне орай, қала мектептері оқушылары үшін «Ашық есік күні» ұйымдастырылуда.

Оқуға тапсыруға ниеттенген талапкер үшін үлкен мүмкіндік!

Біз Сізді күтеміз – талапкер!

Ректор

Бисенов Кылышбай Алдабергенович

 т.ғ.д., профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі

Қызылорда ашық университетінің ректоры

тел: 8 (7242) 24 60 47, 8 701 724 70 01

e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Кітапхана

 

 

 

 

Қызылорда ашық университеті кітапханасы

Кітапхана- ақпарат қажеттілігін атқарушы, мәдениетті өркендетуші орталық, өркениет символы. Кітапхананы пайдаланушыларға кітапхананың қызмет сапасын жақсарту, олардың ақпараттық қажеттіліктеріне жедел және кәсіби деңгейде жауап беру, дәстүрлі және жаңа қызмет түрлерін көрсету болып табылады.

Кітапханада оқырмандарға қызмет көрсету  бөлімі, оқу залы, электронды оқу залы қызмет көрсетеді.

Қызылорда ашық университеті  кітапханасының жалпы қорындағы әдебиеттер саны-214525  дана.

Кітапхананың негізгі бағыттары:

 

  • кітапхананың кітап қорын бүгінгі заман талабына сай деп саналатын маңызды, құнды басылымдармен толықтыру;
  • кітапхана ісіндегі ақпараттық автоматтандыру процестерін жетілдіріп, ақпараттық ресурстар құру, дерек қорларды толықтыру;
  • жаңа технологиялық қызмет көрсету, электронды құжаттар жеткізу қызметінің белсенділігін арттыру.

 

Кітапхана қоры  жалпы білім беру,гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, арнайы, жалпы кәсіптік пәндер бойынша оқулықтар, оқу- әдістемелік  және  ғылыми әдебиеттер, көркем әдеби шығармалар,анықтамалықтар және энциклопедиялармен  қамтамасыз етілген.

Кітапхананың негізгі мақсаты- кітап қорын сапалы жинақтау, университетте оқытылатын мамандықтарды кітаппен қамтамасыз ету, оқырмандарға тиімді ақпараттық орта құру және ақпарат ресурстарын пайдалануға мүмкіндік жасау.

Кітапхана «KazSoft» компаниясы құрастырған «КАБИС-2.1» (Қазақстандық автоматтандырылған кітапхана-ақпараттық жүйесі) бағдарламасымен жұмыс жүргізеді. Кабис бағдарламасының барлық мүмкіндіктерін  жетік игеру және электронды тасымалдағыштағы оқулық, оқу - әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілу мақсатында  КАБИС  бағдарламасы  бойынша  электронды каталог  құрылды.  Электрондық каталог арқылы тапсырысты іздеуде ақпараттық мағлұмат беріледі. Студенттерге, оқытушыларға жалпы ғылыммен айналысатын пайдаланушыларға ақпараттық қажеттіліктеріне сәйкес толық, әрі ұтымды кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсетеді.

Кітапхананың негізгі және алға қойған міндеттері:

 

  • ҚР ғылым  және жоғары білім министрлігінен келген құжаттарды негізге алып,
    университеттің ақпараттық қажеттілігін есепке ала отырып, анықтама-ақпараттық
    қорды толықтыру;
  • оқырмандарға толық, сапалы, нәтижелі қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
  • кітапханалық маркетингті кеңінен енгізу;
  • қорды сақтауды қамтамасыз ету
  • кітапханалық – ақпараттық инновациялық жұмысты жетілдіру.

Кітапхана мәдениет пен рухани байлықтың ошағы болғандықтан университетте сала мамандарын дайындауда, студенттерді патриоттық сезімге және адамгершілікке тәрбиелеу университет кітапханасы үлкен рөл атқарады. Бұл тұрғыда университетте өткізілетін көпшілік іс-шараларға кітапхана қызметкерлері белсене ат салысады.
Кітапханашылар жұмыс тәсілінің әр түрлі формасын басшылыққа ала отырып, университет оқытушы-қызметкерлермен бірге әртүрлі кештер,конференциялар және басқа да іс-шаралар өткізуді дәстүрге айналдырған.

 

Қазіргі уақытта, жоғары оқу орындарында кітаптарды цифрлау - өзекті мәселе.

«КАБИС» бағдарламасының «Каталогизация» модуліне дәстүрлі кітаптардың сканерленген  электронды нұсқасы енгізіліп, электронды кітапхана жасалды.
Сонымен қатар, оқытушылар мен білім алушылар сұраныстарына орай, кітапхана қорындағы оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың PDF нұсқасы жасалып, КАБИС электронды бағдарламасының электронды кітапханасына енгізілу арқылы оқырмандар       пайдалананып келеді.

Білім алушылар мен оқытушылардың сұраныстарына орай  қазақ  және шетел жазушыларының көркем әдеби шығармаларының   электронды нұсқасы QR код арқылы оқылатын  «Мобильді кітапхана» атты стенд жасалды. Кез-келген білім алушы  шығармалардың электронды нұсқасын мобильді қосымша арқылы QR-кодты сканерлеп, жүктеп  оқи алады.

 

 

 

 

                                                                                                                                                                                                                                              ЕРЕЖЕ      

 

Қашықтықтан оқыту технологиялар бөлімі

Қашықтықтан білім беру технологиялары бөлім басшысы:

Бисенов Шахмардан Жанабилович

Байланыс телефоны: 8 (7242)-24-60-03

  

   Бөлімнің негізгі функциялары:

-универсиеттегі оқу процесін жетілдіру мақсатында озық компьютерлік технологияларды енгізу;

-заманауи қолданбалы компьютерлік бағдарламаларды енгізу;

- университеттің ақпараттық-байланыс жүйесінің корпоративтік желісін жетілдіру;

-интернетке қолжетімдікті қамтамасыз ету және жүйелерді басқару;

Ақпараттық технологиялар бөлімінің мамандары университеттің барлық бөлімдеріне кеңес беру және техникалық көмектер көрсетеді. Сонымен бірге компьютерлік кластарды жаңғырту мен жергілікті желілерді жасау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отырады.

 

                                                                                                                                                                                                                                              ЕРЕЖЕ     

Есеп бөлімі

 

 

Есеп бөлімі:

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бекіткен бастапқы құжаттар үлгілері негізінде бухгалтерлік есеп пен есептілік, міндеттемелер мен шаруашылық операциялар жүргізуді.Бухгалтерлік есеп стандарттары негізінде бастапқы есептік құжаттардың үлгілерін әзірлеу, университет қызметінің шаруашылық процестері мен қаржылық нәтижелері туралы толық және шынайы ақпарат қалыптастыруды;
-мүліктердің болуы мен қозғалысына, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының бекітілген нормаларға, нормативтер мен сметаларға сәйкес пайдаланылуына бақылау жасауды;
- республикалық және жергілікті бюджеттерге салықтарды есептеп аударуды, салық декларациясын жасауды;
- сыртқы міндеттемелер мен қаржыландыруды бақылауды;
- университет қызметінің қаржы-шаруашылық жұмысына сараптамалық және синтетикалық есеп жүргізуді;
- университеттің негізгі құралдарын, айналым қорлары мен ақша қаражаттарын есепке алуды;
- ақша қаражаттарына, тауарлы-материалдық қорлар мен есептесулерге уақытында түгендеу жүргізуге бақылау жасауды;
- бухгалтерлік есеп шоттарды және ақша қаражаттарының қозғалысына қатысты операцияларды құжаттамалық көрсетуді;
- есепке алу, есептілік және қаржылық бақылауға қатысы бар мәселелерді тиісті органдарда қараған кезде университет мүддесін білдіруді;
- бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша әріптестермен жасалған келісімшарттардың орындалуына бақылауды;
- есеп бөлімінің жалпы перспективті даму жоспарын дайындауды;
- өнімдер алу, жұмыстар орындау және қызметтер көрсетуге кәсіпорындармен, ұйымдармен, жеке тұлғалармен тікелей келісімшарттар жасауды;
- университеттің білім алушыларының шығыстар сметасы мен басқа да көрсетілетін қызметтердің орындалуына бақылау жасауды;
- ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді даярлауды, тағылымдамасын уақытында қаржыландыруға бақылау жасауды қамтамасыз етеді.

  ЕРЕЖЕ                                                                                                                                                                                              ЕРЕЖЕ       

 

Әкімшілік және кадрлық жұмыстар басқармасы

 

 

Аханова Роза Минельбековна
Юриспруденция магистрі
Әкімшілік және кадрлық жұмыстар басқармасының басшысы

 

 

Басқарма туралы

Басқарма университеттегі еңбек жағдайын, персоналды мотивациялау және ынталандыру, сондай-ақ бейімдеу жүйелерін жетілдіруге, корпоративтік мәдениетті дамытуға және кәсіби даму мен өсу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған Ережелер мен Қағидаларды әзірлейді және университеттің кадрлық іс-қағаздарын жүргізудің толық циклын қамтамасыз етеді.
Басқарманың қызметі - университеттің адами капиталды басқару саласындағы даму бағдарламасының стратегиялық мақсаттарына жетуге бағытталған.
Басқарма миссиясы - университет кадрларымен жұмыс істеумен тұжырымдалады. Тек кадрлық әлеует қана университетті дамыту аясында алға қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз етеді.

 

                   

  

                                                                                                            Біздің командамыз                                                     

Байкенжеева Арай Жолдасбаевна
Жетекші маман

Бисембаев Шолпан Сеитмуратовна
Бас маман

 

 


                                                                                                                                                                                                                                   ЕРЕЖЕ   

Материалдық-техникалық база

Университеттің негізгі мақсаты – іргелі және қолданбалы білім беру, үнемі кәсіби өзін өзі дамытып отыруға қажеттілікті тәрбиелеу, ізгілік ұстанымдары негізінде рухани, зияткерлік және күш-қуаттық дамыған, биік шығармашылық әлеуетімен ерекшеленетін және жақсылық жасай алатын тұлға қалыптастыру.

 

Университеттің оқу ғимараттары, заманауи зертханалары, оқу кабинеттері, аудиториялары бар. Арнайы оқу аудиториялары тиісті компьютерлік және басқа да қажетті жабдықтармен жарақтандырылған. Сонымен бірге университетте оқу залдары, электронды оқу залы, екі спорт залы, студенттік жатақхана, асхана, медициналық қызмет көрсету орталығы бар

Білім беру қызметін университтің төрт кафедрасы жүргізеді: «Педагогика» кафедрасы, «Құқық және қызмет көрсету» кафедрасы, «Экономика және басқару» кафедрасы, «Инженерлік технологиялар» кафедрасы.

Студенттердің сабақтарға өз бетінше дайындалу тиімділігін арттыру мақсатында университетте интернет желісіне қосылған 4 компьютерлік класс пайдалануға берілді:

1.Жалпы компьютерлік класс интернет желісіне қосылған;

2. Инженерлік-техникалық мамандықтарға арналған компьютерлік класс;

3. Информатика және есептеу техникасы негіздері класы;

4.Компьютерлік жобалау класы.

Университетте мүгедек-студенттерге, ата-анасы жоқ жетімдерге, ата-анасының біреуі бар жетімдерге жеңілдіктер көзделген; сонымен бірге оқу үзідіктеріне, белсінділерге және ең көп балл жинаған түлектерге сертификаттары бойынша жеңілдіктер беріледі. Білім алу кезеңінде оқу ақысы өзгермейді.

Университеттің кітапханасы мен оқу залы студенттерге қажетті оқулықтармен және оқу құралдарымен қамтамасыз етілген. Кітапхананың кітап қоры 200 000 астам дана құрайды.

ЖОО-да дене шынықтырумен және көркем шығармашылықпен айналысуға барлық қажетті жағдай жасалған. Университеттің 3 оқу ғимараты, 50 орынға арналған студенттік асханасы, 100 орындық жатақханасы, 200 орындық конференц-залы бар.

Білім алушылардың денсаулық жағдайы тұрақты бақылауда болады: студенттер жасалған кестеге сәйкес дәрігерлік тексеруден өтіп тұрады. Университетте арнайы жабдықталған медициналық кабинет жұмыс істейді.

   

Subscribe to this RSS feed