Shax

Shax

УНИВЕРСИТЕТ ПРОФЕССОРЫ ҮНДІСТАНДЫҚ УНИВЕРСИТЕТТІҢ «ҚҰРМЕТТІ АДЪЮНКТ-ОҚЫТУШЫСЫ» ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қызылорда ашық университетінің «Экономика және басқару» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ғайни Мұханова Үндістанның The Lovely Professional University жеке оқу орнының «құрметті адъюнкт-оқытушысы» лауазымына тағайындалды.

15 тамыз 2024 жыл

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

КОНКУРС!                              15 тамыз 2024 жыл

Қызылорда ашық университеті ағымдағы 2024-2025 оқу жылына бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

Қызылорда ашық университеті ағымдағы 2024-2025 оқу жылының бос лауазымдарына конкурс жариялайды.

  1. «Педагогика» кафедра бойынша:

- 6В01407-Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасы бойынша аға оқытушы  - 1 шт. бірлігі;

- В01408-Бейнелеу өнері және сызу білім беру бағдарламасы бойынша аға оқытушы  - 1 шт. бірлігі;

 - 6В01302- Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасы бойынша аға оқытушы  - 1 шт. бірлігі;

- 6В02132-Дизайн білім беру бағдарламасы бойынша аға оқытушы  - 1 шт. бірлігі;

- Философия  пәні бойынша: аға оқытушы- 1 шт.бірлігі.;

- Ағылшын тілі пәні бойынша: аға оқытушы – 1 шт.бірлігі.;

 

  1. Кафедра «Құқықтану және қызмет көрсету» кафедра бойынша:

- 6В05247-Экология білім беру бағдарламасы бойынша аға оқытушы  - 1 шт. бірлігі;

- 6В11111- Мәдени  тынығу жұмысы білім беру бағдарламасы бойынша аға оқытушы  - 1 шт. бірлігі.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

- жоғары білімі немесе  кафедра бейіні бойынша мамандар даярлау бағытына сәйкес келетін ЖОО кейінгі білімі және/немесе ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты,  ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіндік доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіндік доктор академиялық дәрежесі, немесе философия докторы (PhD), бейіндік доктор дәрежесі болуы;

Конкурсқа қатысуға үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:

Университетте жұмыс істейтін тұлғалар өтінішке келесі құжаттарды қоса береді:

Университеттің белгіленген тәртібінде куәландырылған жарияланған және оған теңестірілген ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың тізімі.

Конкурсқа алғаш рет қатысатын тұлғалар өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:

1.Университет ректоры атына конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2.жеке куәлігінің көшірмесі;

3.кандидаттың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың (білім туралы құжаттардың) көшірмелері;

4.соңғы 5 жыл ішінде қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса); (бұл тармақ практик-оқытушыларға немесе өндірісте еңбек өтілі бар адамдарға қатысты қолданылмайды);

5.ұйымның кадр қызметінің қолымен немесе ғылыми мақалаларды жариялау бедерімен расталған соңғы 5 жылдағы ғылыми еңбектерінің тізімі (бұл тармақ практик-оқытушыларға немесе өндірісте еңбек өтілі бар адамдарға қолданылмайды);

  1. еңбек кітапшасының көшірмесі немесе ғылыми-педагогикалық жұмыс немесе практикалық қызмет өтілін растайтын өзге де құжаттар /немесе түйіндеме, қызметтік тізімі.

Конкурсқа қатысушылар өзінің білімі, еңбек өтілі, кәсіби дайындық деңгейіне қатысты қосымша ақпараттарды ұсына алады.

Сіз «Қызылорда ашық университеті» білім беру мекемесінің педагогтердің (ПОҚ  құрамына) лауазымдарына конкурстық орналасу ережелерімен» және «Қызылорда ашық университеті» білім беру мекемесінің педагогтарының (ПОҚ қурамы) лауазымдық біліктілік сипаттамалары ережелерімен» Университет сайтында https:ouk.edu.kz ("Бос орындар" бөлімінде) таныса аласыз.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі. 

Конкурстық құжаттарды сканерленген нұсқада электрондық поштаға Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. ұсынуға болады, сондай-ақ құжаттар Кызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі 72А, «Қызылорда ашық университеті», Әкімшілік және  кадрлық жұмыстар басқармасы (207 кабинет) мекенжайы бойынша жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қолма-қол қабылданады.

Конкурсты өткізу күні, орны және форматы қосымша хабарланатын болады. Анықтама телефондары: 87017246995.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДАДА ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Жаңа оқу қарсаңында Сыр елінде "Digital Kazakhstan:жаңа замандағы білім беру тақырыбында тамыз кеңесі өтті. Басқосуда білім саласындағы жетістіктер сараланып, өзекті тақырыптардың түйіні тарқатылды. Кеңеске барлық деңгейдегі білім саласының басшылары мен мыңға жуық педагог қатысты.
Педагогикалық тамыз кеңесінің алғы сөзі облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлына беріліп, оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлының арнайы бейне құттықтауы көрсетілді.

⚜ ҒЫЛЫМ ҚОРЫ ЖӘНЕ АҚШ УНИВЕРСИТЕТТЕРІ: ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ БІРЛЕСІП ДАМЫТУ

Ғылым қоры технологиялық стартаптарды қолдауға бағытталған акселерация құралдары мен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу үшін жетекші халықаралық университеттермен белсенді келіссөздер жүргізуде.

Көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған қазақ тіліндегі сөйлеу синтезі

Жоба мақсаты: Қазақстан Республикасының азаматтарының ақпаратқа, білімге, мәдени және кәсіби ресурстарға тең қолжетімдігін қамтамасыз ететін, олардың ақпараттық қоғамды инклюзивті бағытта қабылдауына және өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететін инновациялық және тиімді құрал әзірлеу.

ҚЫЗЫЛОРДА АШЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОР ГРАНТТАРЫ БӨЛІНУДЕ

Қызылорда ашық университетінде 2024-2025 оқу жылына арналған ректор грантына өтінімдер қабылдау жалғасуда. Конкурсқа ҰБТ-дан 100 баллдан жоғары жинаған және ата-ана қамқорлығынан айрылған талапкерлер қатыса алады. Айта кетейік, биыл ректор гранты санына шектеу жоқ.

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫ 850 ТАЛАПКЕРГЕ БІЛІМ ГРАНТЫН БӨЛДІ

Биыл әлеуметтік осал топтағы тағы 850 талапкер жоғары білім алуға қол жеткізе алады. «Қазақстан халқына» қоры 2024-2025 оқу жылына арналған білім гранттары бағдарламасын жалғастырып жатыр. Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі -17 тамыз. 

Subscribe to this RSS feed