Shax

Shax

⚜ЭМИЛИЯ ДИМОВА - УНИВЕРСИТЕТТІҢ ҚҰРМЕТТІ ПРОФЕССОРЫ

⚜Траки университетінің доценті Эмилия Димоваға Қызылорда ашық университетінің "Құрметті профессор" атағы берілді. Жиында ректордың м.а.Көктем Ерімбетов ғалымның еңбек жолына тоқталып, университеттің ғылым мен білім саласын дамытуда қосқан үлесіне алғыс білдірді.

Университетте шетелдік ғалымның дәрісі жалғасуда

Қызылорда ашық университетітінде Траки университетінің “Техника және технология” факультетінің доценті Эмилия Димованың дәрісі жалғасуда. Болгариялық ғалым 4-12 қазан аралығында университеттің профессор-оқытушылар құрамына және 1-3 курс білім алушыларына «Іскерлік коммуникация» тақырыбында дәріс жүргізді.

УНИВЕРСИТЕТТЕ ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМ ДӘРІС БЕРУДЕ

Қызылорда ашық университетітінде Траки университетінің “Техника және технология” факультетінің доценті Эмилия Димова өз тәжірибесімен бөлісуде. Болгариялық ғалым 4-12 қазан аралығында университеттің профессор-оқытушылар құрамына және 1-3 курс білім алушыларына «Менеджмент және командалық жұмыс», «Адам ресурстарын басқару», «Іскерлік коммуникация» тақырыптарында дәрістер жүргізеді.

⚜Назарбаев университетінде декандар мектебі басталды

⚜NU GSE бағдарламасы бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарының 80 деканы білім алуда. Қазақстандағы жоғары оқу орындарының кафедра меңгерушілерінің дағдылары мен білімдерін дамыту мақсатында Назарбаев университетінде жоғары білім беру мектебі әзірлеген «Академиялық көшбасшылық институты: декандар мектебі» кешенді бағдарламасы іске қосылды.

Жасанды интеллект: тиімді қолдану уақыты

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» және «Ақпараттық қауіпсіздік» мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің көшпелі семинар-мәжілісі өтті.

Университет декандары Назарбаев университетінде біліктіліктерін арттыруда

Назарбаев университетінде "ACADEMIC LEADERSHIP INSTITUTE: DEANS 'SCHOOL" жобасы аясында еліміздің жоғары оқу орындары декандарына арналған біліктілікті арттыру курсы өтуде. 

19 қыркүйек 2024 жыл

Тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректордың бос лауазымына орналасуға арналған конкурс туралы

 

Қызылорда ашық университеті  тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректордың бос лауазымына орналасуға арналған конкурс жариялайды.

Қызметтің негізгі нысаны жоғары, техникалық және кәсіптік білім саласында білім беру қызметін ұсыну болып табылады.

Қызметтің мақсаты - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби орнығуына бағытталған сапалы білім алу, оқыту және сабақ беру үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту мен әзірленімдерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоо кейінгі білімі, педагогика, психология немесе басқа сабақтас салаларда ғылым кандидаты немесе докторы дәрежесі немесе конкурстық лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес кемінде бес жыл еңбек өтілі болуы. Білім беру және тәрбие саласында кемінде бес жыл ғылыми және ұйымдастырушылық тәжірибесі болуы.

Конкурсқа қатыса алмайтындар:

1)  жасы жиырма беске толмағандар;

2)   бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағандар;

3)   өтелмеген немесе алынып тасталмаған соттылығы барлар;

4)   медициналық арнайы мекемелерде есепте тұратындар;

5)   Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер келесі құжаттарды ұсынады:

1)   бекітілген үлгідегі өтініші;

2)   Конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3)   Конкурсқа қатысушының қызмет тізімдері, бекітілген үлгідегі көлемі   3x4 түрлі-түсті суретімен;

4)   білімдері туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері, салыстыру үшін түпнұсқаларымен қоса беріледі;

5)  еңбек жолын растайын құжаттың жұмыс орнындағы (іс жүзіндегі не соңғы) кадрлық қызмет куәландырған көшірмелері;

6)  денсаулық жағдайы туралы № 075/у үлгідегі медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);

7)  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес, құжаттарды ұсынған күнге дейінгі бір жыл ішінде жүйке-неврологиялық ұйымнан берілген анықтама;

8)  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес, құжаттарды ұсынған күнге дейінгі бір жыл ішінде наркологиялық ұйымнан берілген анықтама;

9)  қылмыстық заңнамаға сәйкес, лауазымға орналасуға тыйым салынбағандығын растайтын құжат.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.  

Конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде Әкімшілік және кадрлық жұмыстар басқармасының басшысына ұсыну қажет. Мекенжайы: Қызылорда қ-сы, Ғ.Мұратбаев көшесі 72 үй, 207 кабинет,  телефон: +77017246995.

 

Қызылорда ашық университеті Корея Республикасының Пусан шет тілдері университетімен меморандумға қол қойды

Қызылорда ашық университетіне Корея Республикасының Пусан шет тілдері университетінің делегациясы іссапармен келді. Кездесу барысында университет ректорының міндетін атқарушы Абайбек Жүнісов Пусан шет тілдері университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі деканы Сон Хи ханымды қабылдады.

Subscribe to this RSS feed