Shax

Shax

ҚЫЗЫЛОРДА АШЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЕКІ СТУДЕНТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЛАГЕРГЕ ШАҚЫРТУ АЛДЫ

Индонезиядағы Тербука Университеті ұйымдастырған халықаралық жазғы лагерге өтінім беру аяқталды. Нәтижесінде, Қызылорда ашық университетінің «Дизайн» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері Жанель Нұрлан мен Ксения Хан іріктеуден сәтті өтіп, шақырту алды.

Сәт сапар, жас түлек!

«Қызылорда ашық университеті» мен «Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі» бітіруші түлектерге диплом табыстады. Төрт жыл білім нәрімен сусындаған студенттер, енді еңбекке екпін бермек.

«UNIVERSITAS TERBUKA» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЛАГЕРГЕ ШАҚЫРАДЫ

Ашық университеттер қауымдастығына кіретін Қызылорда Ашық университетінің студенттерін Universitas Terbuka AAOU арнайы Джакарта мен Балидегі "BINAR – Бина Будая Антарбангса - 2024" халықаралық жазғы лагеріне шақырады.

Құрметті Қылышбай Бисенов!

Индонезиядағы Тербука университеті Сізге өз сәлемін жолдайды!

Universitas Terbuka AAOU-ға мүше барлық оқу орындарының бакалавр студенттерін Джакарта мен Балидегі BINAR – Бина Будая Антарбангсадағы 2024 жылғы халықаралық жазғы лагерь бағдарламасына қосылуға шақырады.

Байланыс

Толығырақ мәліметті Академиялық ұтқырлық және халықаралық қатынастар жөніндегі басқармасынан ала аласыздар.

(Бас оқу ғимараты,  304-ші кабинет, Мұхамбетжан А.М.)

Байланыс нөмерлері: +7 707 202 12 75

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Жиі қойылатын сұрақтар

Жиі қойылатын сұрақтар

  1. Студенттер үшін қандай академиялық ұтқырлық бағдарламалары бар?
  • ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен;
  • Erasmus+ және т.б. бағдарламар арқылы бара алады.

 

  1. Erasmus+ бағдарламасы деген не?

Erasmus+ бағдарламасы-бұл әртүрлі елдердегі оқу орындары арасындағы студенттер мен оқытушылардың ұтқырлығына ықпал ететін Еуропалық комиссияның бастамасы, оның мақсаты мәдени және білім алмасуды нығайту болып табылады.

 

  1. Алмасу бағдарламаларына қандай оқу орындары мен елдер қатысады?

Қызылорда ашық университетінің студенттері бара алатын ЖОО-ның тізімін Ішкі және Сыртқы академиялық ұтқырлық бөлімінен көре аласыз.

 

  1. Бағдарламаға қатысушыларға қандай талаптар қойылады?
  • IELTS (немесе сертификат);
  • GPA-3,0 немесе одан жоғары;
  • Өтініш беру кезінде студент 1 семестрді бітіруі керек (бакалавриат немесе магистратура);
  • Қазақ тілін білу керек;
  • Құжаттарды көрсетілген уақыт аралығында өткізу шарт.

 

  1. Бағдарламаға қатысуға өтінім берудің нұсқаулығы мен мерзімдері қандай?

Бағдарламаға қатысуға өтінім беру (нұсқаулықта) көрсетілген.

 

  1. Бағдарламаға қатысу үшін қандай тілдік талаптар бар?

Қазақ тілін жетік меңгерген.

Ағылшын тілі – IELTS сертификаты.

IELTS болмаған жағдайда Intermediate деңгейі және одан жоғары екендігін дәлелдейтін сертификат.

 

Subscribe to this RSS feed