
Shax
Халықаралық қызмет
Азиядағы ашық университеттер қауымдастығы (AAOU) 1987 жылы Азиядағы ашық университеттер мен онымен байланысты мекемелер арасында қашықтықтан оқытуға қатысты ақпарат пен кадрлық ресурстармен алмасу мақсатында құрылды.
- Published in Университет
- Be the first to comment!
Қызылорда ашық университетінің халықаралық байланыстары
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕМОРАНДУМДАР
|
||
Халықаралық ашық университеттер қауымдастығына мүше оқу орындары:
1.Әзірбайжан дипломатиялық академиясы (www.ada.edu.az)
2. Қытай ашық университеті
3. Цзилинь радио және теледидар университеті
4. Шанхай телевизиялық университеті
5. Лудун университеті
6. Янбиан университеті
7. Қытай Ұлттық ашық университеті (Тайвань)
8. Жапония ашық университеті
9. Малайзия ашық университеті
10. Моңғолия Ғылым және технология университеті
11. Непал Трибхуван университеті
12. Пәкістанның Аллама Икбал атындағы ашық университеті
13. Таиланд Рамхамхаенг университеті
14. Сухотай Тамматират ашық университеті
15. Вьетнам Ханой ашық университеті
- Published in Университет
- Be the first to comment!
Тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру басқармасы
Миссиясы:
Тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру басқармасы университет студенттерінің рухани, мәдени, әлеуметтік және азаматтық дамуын қолдау арқылы олардың жан-жақты тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Басқарма жастар саясатын жүзеге асырып, студенттердің қоғамдық белсенділігі мен көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырады.
Міндеттері:
- Студенттерді отан сүйгіштікке, құқықтық мәдениетке және әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу.
- Жастардың рухани және өнегелік дамуын қамтамасыз ету.
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру және дарынды жастарды қолдау.
- Қоғамдық белсенділікті арттыру және көшбасшылық дағдыларды дамыту.
- Студенттік өзін-өзі басқару жүйесінің жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру.
- Университеттегі мәдени және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру.
- Волонтерлік қозғалыстар мен қоғамдық ұйымдарды қолдау.
- Студенттік ұйымдар арқылы іс-шараларды үйлестіру, оның ішінде «Жастар ісі жөніндегі комитет», «Жасыл ел» және «Құрылыс» студенттік жасақтары, жатақхананың студенттік кеңесі.
- Пікірталас клубтары, шоу-бағдарламалар, спорттық жарыстар, фестивальдер және басқа да мәдени іс-шараларды өткізу.
![]() |
![]() |
- Published in Университет
- Be the first to comment!
Жастар ісі жөніндегі комитет
![]() |
Студент жастардың өміріндегі проблемаларды шешуге қатысу, олардың әлеуметтік белсенділігін дамыту, жастардың әлеуметтік ұстанымдарын қолдау үшін Қызылорда ашық университетінде Жастар ісі жөніндегі комитет құрылды. «Жастар ісі жөніндегі комитет туралы ереже» негізінде әрекет етеді және студенттердің тұрақты жұмыс істейтін өкілетті органы болып табылады. Комитеттің жұмысына төраға - Оралбай Рысдәулет Оралбайұлы жетекшілік етеді. Жастар ісі жөніндегі комитет жұмысының мақсаттары мен міндеттері:
|
- Published in Университет
- Be the first to comment!
Жатақхана
Жатақханада студенттердің тұруына барлық жағдай жасалған. Жатақхананың бөлмелері 2-3 адамға есептелген және сабаққа дайындалуға, демалуға қажетті жиһаздармен жабдықталған.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
- Published in Университет
- Be the first to comment!
Наурыз ырыc пен берекенің бастауы Ұлыстың ұлы күні қарсаңында арнайы мерекелік шара өткізілді
- Published in Жаңалықтар
- Be the first to comment!
Қызылорда ашық университетінің «Қызылорда технология және қызмет институт» құрылымдылық бөлімшесінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілүде
Қызылорда ашық университетінің «Қызылорда технология және қызмет институт» құрылымдылық бөлімшесінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілүде
Институттың кәсіби бағдар беру тобы Қызылорда қаласындағы І. Қабылов атындағы № 12 IT-мектеп-лицейінде, І. Қабылов атындағы № 12 IT-мектеп-лицейінде, Әли Мүсілімов атындағы № 101 мектеп-лицейінде, № 176 орта мектебінде,№ 172 орта мектебінде, Н. Ергешбаев атындағы оқушыларына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
11 сынып оқушылары мамандық таңдауға байланысты сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын ала білді.
- Published in Университет
- Be the first to comment!
Қызылорда Ашық университеті мен өңірлік жоғары оқу орындар арасындағы әріптестік байланыс одан әрі жаңғыра түспек.
<Бұл жөнінде Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтына іс-сапармен барған “Қызылорда Ашық университеті” КеАҚ ректоры, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі Кылышбай Бисенов мәлімдеді.
“Бүгін Қызылорда Ашық университетінің әлеуметтік серіктестік кеңістігін кеңейту және өңірлік жоғары оқу орындарымен өзара байланысты нығайту мақсатында атбасын көне Әулиеата жеріне, тарихы терең Таразға бұрдық. Сапарымыздың кіріспесін өзім сыйлас болған, ақылшы аға болған, Ұлтымыздың абызкеуде ақсақалы болған Қазақ халқының даңқты перзенті, кемеңгер жазушысы Шерхан Мұртазаның ескерткішіне гүл қоюдан, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының базасында орналасқан Шерхантану орталығының жұмысымен танысудан бастадық. Онан соң, институттың ректоратымен, жетекші ғалымдарымен бірге оқу орынының даму перспиктивасын талқылап, ой бөлістік, идея алмастық.
Жекеменшік оқу орындарын білім беру үдерістеріне сәйкес дамытудың озық үлгісін көрсетіп келе жатқан институттың материалдық-техникалық базасы жаңа заман талаптарына толық сәйкес келетіндігімен ерекшеленеді.
Алдағы уақытта институтпен әріптестік байланыс жанданып, өзара тәжірибе алмасу жұмыстары нығаятын болады”, — деп жазды ол әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.
- Published in Университет
- Be the first to comment!
2023-2024 оқу жылының білім беру бағдарламаларының тізімі
- Published in Жаңалықтар
- Be the first to comment!