Shax

Shax

Оқу процесін тіркеуші офисі

Білім алушылардың білімдеріне тестілік бақылау және бағалау жүргізу үшін университет соңғы буындағы компьютерлермен жарақтандырылған арнайы кластармен қамтамасыз етілген.

Тіркеуші офистің негізгі функциялары:

- білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеу;

- оқу жоспарларының пәндері бойынша сабақтар өткізу үшін оқытушыларды анықтау;

- аралық және қорытынды бақылау кестесін жасау;

- білім алушылардың біліміне аралық бақылау түрлерін ұйымдастыру;

- орташа өту балын анықтау (GPA);

- оқуға қабылдау, ауыстыру, қайта қабылдау, стипендия тағайындау туралы бұйрықтар дайындау;

- қорытынды мемлекеттік аттесаттау ұйымдастырып, өткізу;

- білім алушылардың жазғы семестрін ұйымдастыру;

- білім алушылар контингентінің қозғалысын есепке алу;

- білім алушылар контингентіне санақ жүргізу болып табылады.

Байланыс телефоны: 8 (7242) 24-60-47

Студенттік бөлім

 

     Студенттер бөлімінің негізгі функциялары:

     - 1 курсқа қабылданған студенттердің құжаттарын қабылдау және рәсімдеу;
     -студенттер туралы мәліметтерді деректер базасына енгізу;
     - университет студенттерінің жеке іс-қағаздарын жаңарту және сақтау;
     -академиялық анықтамалар беру және есепке алу;
     - студенттер контингентінің қозғалысы туралы бұйрықтардың көшірмелерін беру;
     - дипломдардың бланкілерін беруге сұраныстар беру;
     - оқу жұмысына қатысты жоо-мен және мекемелермен хат алысулар;
     - бітірушілерге еңбек кітапшаларын толтыру;
     Студенттік бөлімнің мамандары құжаттарды қабылдау және рәсімдеу, академиялық                         анықтамалар беру және есепке алу мәселелері бойынша студенттерге кеңестер береді.
     Байланыс телефоны: 8 (7242) 24-60-47

                                                                                                                                                                                                                                              ЕРЕЖЕ     

Оқу-әдістемелік бөлім

Оқу-әдістемелік бөлім оқу орнының негізгі құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім ҚР МЖБС және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің нормативтік құжаттарына және ректор бекіткен ішкі құжаттарға сәйкес кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырады және олардың орындалуына бақылау жүргізеді.

Оқу-әдістемелік бөлімнің негізгі функциялары:

- білім беру бағдарламаларының жұмыстық оқу жоспарларын жасау;

- аралық және қорытынды бақылау кестесін жасау;

- академиялық күнтізбе жасау және оның орындалуына бақылау жүргізу;

- білім алушылардың біліміне аралық бақылау түрлерін ұйымдастыру болып табылады.

Бөлім оқу орнының барлық құрылымдық бөлімшелерінде ішкі аудит ұйымдастырып, өткізеді, оқу сабақтарын өткізуді, кафедралардың жұмысын ұйымдастырады; тексерулер барысында анықталған кемшіліктерді жою жұмыстарын бақылайды, ҚР «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің нормативтік құжаттары мен ректордың бұйрықтары негізінде оқу процесін ұйымдастыруға жалпы басшылық жүргізеді, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің талаптарына сәйкес қорытынды аттестаттауға бақылау жүргізеді.

Байланыс телефоны: 8(7242) 30-46-40.

e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Академиялық мәселелер жөніндегі проректор

Әлібекова Айгүл Бекқожақызы

Экономика ғылымдарының кандидаты

Байланыс телефоны:

факс: +7(7242)-24-60-47  

e-mail:  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Ректор

Бисенов Кылышбай Алдабергенович

т.ғ.д., профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі

Қызылорда ашық университетінің ректоры

тел: 8 (7242) 24 60 47, 8 701 724 70 01

e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Ғылыми кеңес

 

Қызылорда ашық университетінің Ғылыми кеңесі университет қызметінің ең маңызды мәселелерін алқалық қарау мақсатында құрылған сайламалы өкілетті орган болып табылады.

 

Ғылыми кеңестің құрамына проректорлар, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, белгілі ғалымдар, студент-жастардың, қызметкерлер мен студенттердің кәсіподақ комитетінің өкілдері кіреді.

 

Өз қызметінде Ғылыми кеңес ҚР «Білім туралы» заңын, ЖОО қызметін ұйымдастырудың үлгі қағидаттарын, ЖОО Ғылыми кеңесі қызметінің үлгі қағидаттарын, Қызылорда ашық университетінің Жарғысын басшылыққа алады.

 

Ғылыми кеңестің негізгі міндеттері:

 

- сапалы кәсіби дайындықты қамтамасыз етуге және мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған университет ұжымының әлеуетін біріктіру;

 

- университеттің материалдық-техникалық базасын нығайту және қаржылық қолдауды қамтамасыз ету;

 

- ғылыми зерттеулерді дамыту, университеттің одан әрі дамуына ықпал ету болып табылады.

 

Ғылыми кеңестің жұмысы оның құзыретіне кіретін мәселелерді ұжымдық талқылаудың жариялылығына негізделеді.

 

Ғылыми кеңестің өкілеттігіне университеттің құрылымын бекіту, стратегиялық даму жоспарын бекіту, даму тұжырымдамасын айқындау, жоғары кәсіби білімнің көп деңгейлі жүйесінде мамандар даярлаудың жаңа бағыттарын айқындау кіреді. Жыл сайын ғылыми кеңестің мәжілістерінде атқарылған жұмыстар туралы ректордың есебі, оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеушілік, тәрбие жұмыстарын жүргізу түрлері мен әдістері туралы проректорлардың, құрылымдық бөлімшелердің басшыларының есептері тыңдалады.

 

Сонымен бірге, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, университеттің ақпараттық және қаржы-шаруашылық жұмыстары, оқытушылар мен студенттерге әлеуметтік көмек көрсету мәселелері Ғылыми кеңестің назарында болады. Ғылыми кеңестің мәжілістерінде ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары, Қазақстан Республикасының білім және ғылымын дамытудың «Сапалы білім «Білімді ұлт»   ұлттық жобасы, ҚР Үкіметінің шешімдері мен қаулыларының орындалу барысы қаралады.

Сапа саласындағы академиялық саясат

Өмірдегі жетістіктерге - білім арқылы! 

Сапа саласындағы академиялық саясаттың негізгі мақсаты білім беру бағдарламаларын жетілдіру, Болон процесінің қағидаларын іске асыру, сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету, халықаралық, республикалық және аймақтық еңбек нарығының жоғары білікті мамандарға және бәсекеге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларға сұранысын қанағаттандыратын Университет қалыптастыру болып табылады .

Осы мақсаттарға жету үшін университет өзінің алдына келесі міндеттерді қояды: 

  • еңбек нарығының сұраныстарын қанағаттандыру үшін сапалы білім беру қызметін ұсыну;
  • білім, ғылым және өндірістің интеграциясын арттыру;
  • студент жастарды жан-жақты дамытуға бағытталған жағдайларды жақсарту, оларды өңір мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму процесіне тарту;
  • оқу, ғылыми және өндірістік инфрақұрылымды жетілдіру;
  • кадрлық саясатты жетілдіру және персоналдың белсенді кәсіби өсуін көтермелеп отыру;
  • университеттің республикалық және халықаралық рейтингтерге қатысуын қамтамасыз ету;
  • университеттің студенттері мен оқытушы-профессор құрамының академиялық ұтқырлығын дамыту мақсатында жоғары білімнің еуропалық аймағына одан әрі интеграциялану;
  • білім мен ғылым саласында университетті ақпараттық қамтамасыз ету желісін одан әрі дамыту;
  • халықаралық ынтымақтастық өрісін кеңейту;
  • алға қойылаған мақсаттарға жетудің құралы ретінде сапа жүйесін жетілдіру және оның жұмыс істеуі мен дамуына қажетті жағдайлар жасау.

Қызылорда ашық университетінің білімдегі сапа саласындағы академиялық саясаты университет стратегиясының негізгі, ажырамас элементі және ЖОО-ң білім беру қызметін жоспарлау негізі болып табылады.

Қызылорда ашық университетінің сапа саласындағы саясатын орындаудың қажетті шарты оны университеттің барлық қызметкерлері түсінуі және оны күнделікті жүзеге асыруға ұмтылысы болып табылады.        

Университет басшылығы отандық және әлемдік озық тәжірибені қолдана отырып, сапа менеджменті жүйесін үнемі жетілдіріп отыру және сапа саласындағы академиялық саясатты қадағалауға бақылау жүргізу жауапкершілігін өзіне алады

Subscribe to this RSS feed