Shax

Shax

«Экологиялық қауіпсіздік және әлеуметтік дамудың тұрақтылығы» атты халықаралық білім беру конференциясы

2024 жылғы 22 наурызда Мәскеу политехникалық университетінде «Экологиялық қауіпсіздік және әлеуметтік дамудың тұрақтылығы» атты халықаралық білім беру конференциясы өтті, оған Қызылорда ашық университеті онлайн нысанында қатысты.

Ұлыстың ұлы күнінде Ақжолтай жаңалық!!!

Қызылорда ашық университеті Азиялық ашық университеттер қауымдастығына (Asian Association of Open Universities - AAOU) қауымдастырылған мүше болып қабылданды. Ассоциацияның 23 мүшесі, 18 қауымдастырылған мүшесі бар.

⚜️Ұлттық ойындар күні - мәдениетіміз бен салтымызды ұлықтайтын сәт.

Ұлыстың ұлы күні - Әз-Наурыз қарсаңында университет оқытушылары мен студенттер ұлттық спорт түрінен күш сынасты. Қатысушылар ептілікті, зейінді, төзімділіктерін көрсете білді

⚡️19 наурыз - «Жаңару күні»

«Жаңару күні» ел өміріндегі және әрбір қазақстандықтың өміріндегі жаңа кезеңінің басталуын сипаттайды. Бұл уақытта адам алдына жаңа мақсаттар қойып, жаңа жобалар бастап, өмірін жақсарту бағытында шешімдер қабылдайды

🔸 Бүгінде университет студенттері мен оқытушылары форсайт-сессияда "Заманауи инновациялық білім беру технологияларын" меңгеруде. Білім алушылар бүгінгі дәріс барысында shapingtomorrow.com ресурспен жұмыс жасады. Онда жасанды интеллект көмегімен әлем мен индустрияның даму тенденциялары туралы мәліметтер базасы жасалады.

Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласынан келген, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Литвинова Светлана Николаевна дәріс оқуда

⚜️Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша, Қызылорда ашық университетіне 18 наурыздан бастап Ресей Федерациясы Мәскеу қаласынан педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Ұлттық зерттеу университеті - Халықаралық психологиялық-педагогикалық инновациялар институтының директоры Литвинова Светлана Николаевна келіп, университеттің білім алушыларына дәріс оқуда.

Subscribe to this RSS feed