Shax

Shax

⚜️Ұлттық ойындар күні - мәдениетіміз бен салтымызды ұлықтайтын сәт.

Ұлыстың ұлы күні - Әз-Наурыз қарсаңында университет оқытушылары мен студенттер ұлттық спорт түрінен күш сынасты. Қатысушылар ептілікті, зейінді, төзімділіктерін көрсете білді

⚡️19 наурыз - «Жаңару күні»

«Жаңару күні» ел өміріндегі және әрбір қазақстандықтың өміріндегі жаңа кезеңінің басталуын сипаттайды. Бұл уақытта адам алдына жаңа мақсаттар қойып, жаңа жобалар бастап, өмірін жақсарту бағытында шешімдер қабылдайды

🔸 Бүгінде университет студенттері мен оқытушылары форсайт-сессияда "Заманауи инновациялық білім беру технологияларын" меңгеруде. Білім алушылар бүгінгі дәріс барысында shapingtomorrow.com ресурспен жұмыс жасады. Онда жасанды интеллект көмегімен әлем мен индустрияның даму тенденциялары туралы мәліметтер базасы жасалады.

Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласынан келген, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Литвинова Светлана Николаевна дәріс оқуда

⚜️Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша, Қызылорда ашық университетіне 18 наурыздан бастап Ресей Федерациясы Мәскеу қаласынан педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Ұлттық зерттеу университеті - Халықаралық психологиялық-педагогикалық инновациялар институтының директоры Литвинова Светлана Николаевна келіп, университеттің білім алушыларына дәріс оқуда.

Жаңа жоба

Қызылорда ашық университетінің жылына екі рет шығатын Халықаралық ғылыми журналының ресми веб-сайты жасалып, дайын болды. Инновациялық құрылыс және мұнай-химиялық технологиялар құрылысы әрдайым өзекті болып қала бермек. Ол құрылыс және мұнай-химия секторында пәнаралық ынтымақтастық пен инновацияны ілгерілетуге бағытталған

«Білім берудегі көшбасшылық»

⚜️Наурыз айының 10-16 аралығында Қызылорда ашық университетінің өкілдері Астана қаласында Назарбаев Университеті (НУ) Жоғары білім беру мектебінің Қазақстандағы жоғары оқу орындарымен тәжірибе алмасу аясында Дүниежүзілік банк пен Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Финляндияның HAMK пен JAMK университеттерінің және НУ-нің сарапшылары өткізіп жатқан «Білім берудегі көшбасшылық» офлайн апталық тренингіне қатысуда

Subscribe to this RSS feed