Shax

Shax

Қызылорда ашық университеті кітапхана қоры жаңа мазмұнды кітаптармен толықты

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ардагері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Қараманова Минсара Сәдуақасқызы «Алдаспан», «Өнегелі өмір» атты кітаптарын сыйға берді.

Есту қабілеті бұзылған балаларды инклюзивті оқытудың мазмұндық және әдістемелік негіздері

Қызылорда ашық университетінің «Педагогика» кафедрасының оқытушысы Жармаханова Арайлым Дастанқызы 2023-2024 жылдың екінші академиялық кезеңінде Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасымен «Инклюзивті білім беру» пәнінен «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» және «Педагогика және психология» білім беру бағдарламалары бойынша 3 курс білім алушыларына дәріс оқуда.
Тақырыбы: Есту қабілеті бұзылған балаларды инклюзивті оқытудың мазмұндық және әдістемелік негіздері

«Жас ерекшелік психологиясы» және «Жалпы психология» пәндерінен дәріс өтуде

⚜️Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің «Әлеуметтік-педагогикалық пәндер» кафедрасының доценті, п.ғ.к. Зубайраева Зухра Абибуллаевна академиялық ұтқырылық бағдарламасы бойынша 26 наурыз - 9 сәуір аралығында Қызылорда ашық университетінің 6В01301-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, 6В01102 – Педагогика және психология, 6В01202 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламаларының білім алушыларына «Жас ерекшелік психологиясы» және «Жалпы психология» пәндерінен дәріс жүргізуде

«БҰҰ моделі» конференциясы студенттер лигасы

«Анаға тағзым» орталығында «Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен
«Су дипломатиясы: елдер арасындағы өзен бассейндеріне талас туындауының әсерінен қақтығыстардың алдын алудың тиімді басқарылуы» тақырыбында «БҰҰ моделі» студенттер лигасы конференциясы өтті.

«Экологиялық қауіпсіздік және әлеуметтік дамудың тұрақтылығы» атты халықаралық білім беру конференциясы

2024 жылғы 22 наурызда Мәскеу политехникалық университетінде «Экологиялық қауіпсіздік және әлеуметтік дамудың тұрақтылығы» атты халықаралық білім беру конференциясы өтті, оған Қызылорда ашық университеті онлайн нысанында қатысты.

Ұлыстың ұлы күнінде Ақжолтай жаңалық!!!

Қызылорда ашық университеті Азиялық ашық университеттер қауымдастығына (Asian Association of Open Universities - AAOU) қауымдастырылған мүше болып қабылданды. Ассоциацияның 23 мүшесі, 18 қауымдастырылған мүшесі бар.

⚜️Ұлттық ойындар күні - мәдениетіміз бен салтымызды ұлықтайтын сәт.

Ұлыстың ұлы күні - Әз-Наурыз қарсаңында университет оқытушылары мен студенттер ұлттық спорт түрінен күш сынасты. Қатысушылар ептілікті, зейінді, төзімділіктерін көрсете білді

Subscribe to this RSS feed