Жаңалықтар

Жаңалықтар (212)

Кәсіби бағдар беру жұмыстары жалғасуда

Бүгін Тұрар Рысқұлов атындағы №222 мектептің түлектеріне  Қызылорда ашық университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі  Уразалиева Рыскүл Мұратбекқызы мен  Қызылорда көпсалалы колледжінің оқытушысы Султанова Нағима Кенжеғұлқызы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Биылғы оқу жылында мектеп бойынша 65 түлек бітіріп, жоғары оқу орындарына талаптануда.

Read more...

Қызылорда ашық университетінің оқытушы-профессорлық құрамы мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізуде.

2024 жылдың 14 мамырында Қызылорда ашық университетінің Инженерлік технологиялар мен Құқық және қызмет көрсету кафедраларының оқытушылары Адамбаева Айжан, Өтепберген Гүлдина Қызылорда қаласындағы №7 мектеп-лицейінде, К.Қаракөзөв атындағы №235 орта мектепте, Ғ.Мұратбаев атындағы №171 орта мектепте және Б.Шалғынбаев атындағы №217  IT мектеп -лицейінде бітіруші сынып түлектеріне кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Read more...

Студенттеріміз Республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздары!

Қызылорда ашық университетінің Инженерлік технологиялар кафедрасының «Құрылыс» білім беру бағдарламасының студенттері 2024 жылдың 25-30 сәуір аралығында Халықаралық білім беру корпорациясы (KAZGASA) ұйымдастырған Республикалық пәндік олимпиадаға қатысты.

Read more...

Біздің ғалымдардың басты мақсаты-жер асты суларының қорын ұлғайту

Қызылорда ашық университетінің ғалымдары біздің облыстың ғана емес, бүкіл Қазақстанның экологиялық жағдайы мен су ресурстарының қорларын жақсарту мәселесі бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуде. Біздің ғалымдардың басты мақсаты-жер асты суларының қорын ұлғайту.

Read more...

«Инженерлік технологиялар» кафедрасының оқытушылары біліктілік арттыру курсынан өтті

Қызылорда ашық университетіне дәріс оқуға шақырылған Оңтүстік Орал мемлекеттік аграрлық университетінің (Ресей Федерациясы) профессоры, техника ғылымдарының докторы Шерьязов Сакен Койшыбаевич «Инженерлік технологиялар» кафедрасының оқытушыларына 72 сағат көлемінде «Электр энергиясымен жабдықтау және жаңартылған қайтарымды энергия көздері» тақырыбы бойынша біліктіліктілік арттыру курсын жүргізді. Курс соңында оқытушыларға сертификаттар табысталды

Read more...

Академиялық ұтқырлық бағдарламасымен оқып келген студенттер университет білім алушыларымен және оқытушы-профессорлық құраммен кездесу өткізді

⚡️ Беларусь Республикасының Евфросиния Полоцкая атындағы Полоцк мемлекеттік университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасымен оқып келген «Құқықтану» (Қылмыстық құқық) білім беру бағдарламасының студенті  Оралбай Рысдәулет пен «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының  студенті Жүсіпов Мұрат университет студенттерімен және оқытушы-профессорлық құраммен кездесу өткізді. 

Read more...

⚜️ АКАДЕМИК АТЫНДАҒЫ КАБИНЕТ АШЫЛДЫ

✨ 29 сәуір күні Сәкен Сейфуллин атындағы №4 ақпараттық технология мектеп-лицейінің 60 жылдық мерейтойы аясында 50 жыл бұрын бітірген мектептің үздік түлегі, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қылышбай Алдабергенұлы Бисенов атындағы математика кабинетінің салтанатты түрде ашылу рәсімі өткізілді. Кабинет заман талабына сай оқыту-техникалық құралдармен жабдықталған.   

Read more...

⚜️ ҚАЛАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА ГРАНТ ТАБЫСТАЛДЫ

⚡️ 19 сәуір күні С. Сейфуллин атындағы №4 ІТ мектеп –лицей базасында ҚР ҰҒА академигі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Алдабергенұлы Бисеновтің жүлдесі үшін ұйымдастырылған қалалық математика және физика пәндері бойынша пәндік олимпиада өткізілген болатын.

Read more...
Subscribe to this RSS feed